«Ұстаз күйін орындаудың әдіс-тәсілдері» ашық практикалық сабақ
- 15 views
Ж.А.Тәшенев атындағы университеті «Кәсіптік білім және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының аға оқытушысы Мейрбеков Берікбай Бекматұлы 29.01.2025 жылы сағат 11-30 да 209 аудиторияда ПиК-21-15к топ студенттерімен Сазгер Б.Исаның «Ұстаз» күйін орындаудың әдіс-тәсілдері атты ашық практикалық сабағын өткізді.Сабақ барысында оқытушы «Ұстаз» күйінің шығу тарихымен таныстыра отырып,күйдің орындалу әдіс-тәсілдерін көрсете білді.Күйдің авторы сазгер Бөрі Исамен студенттерді таныстырып, «Ұстаз» күйін студенттермен және автормен қосылып бірге ойнап берді.Сабақ өте тартымды әрі қызықты болды.Студенттер автордан басқада күйлерін орындап беруін сұранды.