Студенттер аудандық соты және полиция өндірістік практикада
- 398 views
«Құқықтану» білім беру бағдарламасы Құқ- 17 тобының өндірістік практика бойынша есебі
«Құқықтану» білім беру бағдарламасының Құқық–17 тобының 4 курс студенттері 2021 жылдың 25 қаңтар мен 3 сәуір аралығында өндірістік практикадан Жетісай аудандық соты мен Жетісай аудандық полиция бөлімін де өтілді.
Жалпы бітіруші 20 студент, оның 6 Жетісай аудандық сотында, 14 адам Жетісай аудандық полиция бөлімінде практиканы өтті.
Студенттер мекемеде бағдарламаға сай жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді тез меңгеріп, оларды өз тәжірибесіне пайдалана алды.
Өздерінің кәсіби мамандығын меңгергендігін байқатып, бағдарламадағы әрбір тапсырманы өз деңгейінде орындап, практиканы жоғары деңгейде өткізуге белсене қатысты. Олардың мекемелердегі қызметкерлермен қарым-қатынасы, жетекшілермен сыйластығы да өте жақсы болып, құжаттардың жүргізілу тәртібі мен ережесін толық меңгерді.
Студенттер практиканы жоғары дәрежеде өткендігін оларға берілген мінездемелері және мекеме басшыларының алғысы дәлел бола алады.
Бейнеролик. Cілтеме: https://youtu.be/c5nsYTBruQQ