Эссе байқау
«УНИВЕРСИТЕТ АТАУЫНА ЛАЙЫҚ БОЛУ - БАСТЫ МІНДЕТІМ»
«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің» 25 жылдығына орай «Университет атауына лайық болу басты міндетім» тақырыбында эссе байқауын жариялайды.
Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.
Байқауға студенттер, магистранттар және жастар ұйымдары қатыса алады.
Мерзімі: 12 желтоқсан күні
Уақыты: 12:00
Өтетін орны: Д. Қонаев даңғылы, 21
Чемпионмен кездесу
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Студенттер, жас ғалымдар және профессор-оқытушы құрамының назарына! Әр аптаның дүйсенбі күні білім алушылардың қабілеттерін жетілдіру мен білімге деген құштарлығын ояту мақсатында «Спорт және дене шынықтыру» факультеті «Кәсіби даму» күнін жариялап отыр.
Осыған орай, 06.12.2023 жылы, сағат 10.00-де, 210 ауд Жарылқап Мағжан Бахытұлы Жекпе-жектен Азия және Қазақстан чемпионы, Спорт шебері, Гамма ММАдан Азия чемпионы, Джиткундодан Азия чемпионы Жарылқап Мағжан Бахытұлын кездесуге шақырамыз.
Мәдени және рухани шығармашылық кеш өтті
Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, танымал өзбек ақын-жазушысы, Тұран халық жазушысы, тарихи романдар авторы Шаһодат Исаханованың шығармашылық кеші және кітаптарының тұсаукесері өтті.
Кәсіптік бағдар жұмысы
«Бастауыш білім және өнер» факультетінің оқытушылары кәсіптік бағдар беру жұмысына кірісті. Университетің кәсіби бағдар бөлімімен бірлесе отырып, 2023-2024 оқу жылына жоспар жасалған. Жоспар бойынша оқытушылар Нұрсеит Әбжан, Тамабай Әсел, Ирметов Өткір, Мырзабекова Айзат мектептер аралады.
Чемпионмен кездесу
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Студенттер, жас ғалымдар және профессор-оқытушы құрамының назарына! Әр аптаның дүйсенбі күні білім алушылардың қабілеттерін жетілдіру мен білімге деген құштарлығын ояту мақсатында «Спорт және дене шынықтыру» факультеті «Кәсіби даму» күнін жариялап отыр.
Мастер-класс
Хабарландыру
«Бренд құру және оның ауқымдылығы» мастер-класс
Байтелиева Жанна Елтановна
«Өнер және саз» кафедрасының аға оқытушысы, Шымкент қалалық шығармашылық индустрия қауымдастығының төрайымы
Өтетін күні: 07.12.2023 ж.
Өтетін орны: 312 аудитория, Алтын орда
Уақыты: 15:30
Ұйымдастырушы: Бастауыш білім және өнер факультеті
МАСТЕР-КЛАСС
Хабарландыру
«Бастауыш білім беру жүйесінде білім сапасын арттыру жолдары» мастер-класс
Батыршаева Роза Сағынбайқызы
№77 мектеп-лицейдің бастауыш сынып бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Өтетін күні: 12.12.2023 ж.
Уақыты: 14:30
Өтетін орны: 301 кабинет, Гагарина 22А
Ұйымдастырушы: Бастауыш білім және өнер факультеті
Рух сардары
Кеше, яғни 4 желтоқсан күні, Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ұлттық рух сардары Ө.Жәнібековтің тарихи болмысын айғақты құжаттар негізінде бейнелейтін "Отбасы хрестоматиясы" жобасының аясында жарық көрген "Өзбекәлі және мәдени майдан" атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Ынтымақтастықтың нақты қадамдары
Шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасына сәйкес тәжірибе алмасу мақсатында бүгінгі таңда Жұмабек Тәшенев атындағы университетімізде Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясының доценті, филология ғылымдарының докторы Хулкар Хамидуллаевна Хамраева тәжірибе бөлісуде.
Шәкірттеріміз майталман ғалымдың мазмұнды лекцияларын, дәрістерін тыңдап, білім нәрімен сұсындаса, профессор-оқытушылар құрамы Хулкар Хамидуллаевнаның шебер-сыныптарда бөліскен тәжірибесінен көңілдері толып, өз ризашылықтарын білдіруде.
Зерттеу дағдылары курстары
Ж.А.Тәшенев атындағы университеттің негізін қалаушылардың бастамасымен профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми-зерттеу жұмыстарын оңтайландыру мақсатында ғылыми-зерттеу шеберлігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Курстарды Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Динара Ғаббасқызы Сұлтан жүргізеді.