Тазалыққа үлес қосты
«Tashenev University «Тазалық –саулық негізі, саулық-байлық негізі» атты университет деңгейінде тазалық акциясын өткізді.
«Технология және дизайн» факультетінің «Химия және биология» кафедрасы ұйымдастырған тазалық акциясына оқу ордамыздың оқытушылары мен студенттері түгелге жуық атсалысты.
Теңге-мемлекет келбеті
Шымкент қаласы А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында «Ұлттық валюта» күніне орай «Теңге-мемлекет келбеті» тақырыбында іс-шара өтті. Мерекелік жиынға «Экономика және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, э.магистрі С.Аширбаеваның бастамасымен университетіміздің Экономика бағытындағы білім алушылары да қатысты.
Теңге күні аталып өтті
15 Қараша – Қаржыгерлер және Ұлттық валюта күні. Осынау атаулы күнге орай Tashenev University конференция залында «Экономика және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Форте банк» АҚ менеджерлерінің қатысуымен басқосу жиыны өтті. Банктің бас менеджерлері Нұржан Исаев, Берік Апбазов, Никита Шишиков экономикалық білім беру бағытындағы студенттермен еркін форматта әңгіме жүргізіп, олармен пікір алмасты.
Сыбайластықтың жат әдет екені түсіндірілді
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы, құқық магистрі Жазира Әлжанова университетімізде болып, студенттермен кездесті.
Алғашқы сөзді алған университетіміздің бірінші проректоры Фарида Байнеева сыбайлас жемқорлық тақырыбы барлық салада да қашанда өзекті екенін жеткізді.
Қолөнер туындылары ұсынылды
«Shym Qala» этно ауылында өткен «Этно Шымкент» фестиваліне Tashenev University «Өнер және дизайн» кафедрасының студенттері де қатысты.
Ашық сабақ «Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы»
Университеттің "Орыс тілі мұғалімдерін даярлау" Білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен интерактивті ашық сабақ өткізілді. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к Жанна Ботабаева жүргізген интерактивті сабақ топтық ойын элементтерімен сабақтасу арқылы бұл ақпараттық-визуалды формат қатысушыларды ашық сабаққа толық қамтуға мүмкіндік берді.
Халықаралық ынтымақтастық кеңістігі жалғасуда!
Күні кеше Өзбекстан Республикасы Наманган мемлекеттік университетінде ұлы ақын Усман Насырдың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазіргі өзбек әдебиетінің дамуындағы Усман Насырдың шығармашылық мұрасының орны мен маңызы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция Өзбекстаннан, Түркиядан, Тәжікстаннан келген профессор-оқытушылар мен Қазақстан ғалымдарының қатысуымен мазмұнды ұйымдастырылды.
Мектеп директорларымен маңызды басқосу өтті
Университетімізде 148 мектептің директорлары мен әдіскерлерінің қатысуымен Шымкент қаласы білім басқармасымен білім беру бағдарламалары Меморандумы аясында кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша кең ауқымды жиын өтті.
“Эко - Пикник” акциясы
Оқу ордамыздың үздік белсенділері Шымкент қаласы және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Таза аула - Таза қала ар-ұжданмен” экологиялық жобасы бойынша “Эко - Пикник” акциясына қатысып қайтты.
Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта өткен шараға Tashenev University жастары экологиялық білімді арттыру, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау мақтасында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырды.
Балалар үйіне барып қайтты
Tashenev University ұжымы ізгілікті істердің ұйытқысы да болып келеді. Жабырқау жандарға қол ұшын созып, қамқорлық жасау универсиетет ішіндегі жоспарлы шаралардың бірі.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет