Халықаралық фестиваль жеңімпаздарын құттықтаймыз

Абай атамыз өнерді сүйген және өнерлі болуды насихаттаған. Алматы қаласы  «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ҰЛЫ АБАЙ» атты «Абай Құнанбайұлының 176 жылдығына арналған» Халықаралық қашықтықтан шығармашылық фестиваліне 6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының  1 курс студенттері белсене қатысып Әбдікәрім Айшабибі, Парманов Жанболат, Завкиева Замира, Кенжаева Наргиза жүлделі орындарға ие болды.  

Студенттерімізге шығармашылық табыстар тілейміз.  

ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

«Спорт және өнер» факультеті «Өнер» кафедрасының 6В01601- Дизайн білім беру бағдарламасының студенттерімен Қазақстанның жеті кереметі жайлы сұхбат өткіздік.
Дизайн білім беру бағдарламасы 4 курс студенті Орынбасар Нурбибі тарихқа көз жүгіртті. Таңбалы тас суреттері Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адамды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды.

Адал және әділ ұрпақ- еліміздің болашағы

«Сырдария» университеті «Спорт және өнер» факультеті 6В01601 - «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттерімен «Адал және әділ ұрпақ – еліміздің болашағы» атты тәлімгерлік сабағы  өтті.

Мақсаты: Студенттерді талдау жасауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе білуге, адал және әділ болуға үйрету.

Сыбайлас жемқорлық-бүкіл әлемдік  індет. Алдағы уақытта бұл індеттің алдын алу үшін міндетті түрде бүкіл ел болып атсалысу керек.

"СӘЛЕМДЕСУ - СЫПАЙЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ"

«Спорт және өнер» факультетінің 1 курс студенттері арасында «Сәлемдесу - сыпайлық пен ізгіліктің белгісі» тақырыбында пікірталас болып өтті. Мақсатымыз студенттердің адамгершілік тәрбиесінен білік – дағдыларын қалыптастыра отырып, адамгершілік тәрбиеге тоқталу арқылы оның ішінде алғашқы сәлемдесу әдебінің маңызын аша отырып, адамшылық қасиеттерді қалыптастыру.

Шеберлік сағаты

«Сырдария» университі «Спорт және өнер» факультетінің оркестр класында Бөрі Исаның бір топ жас өнерпаздармен "Абай атындағы №4 ЖОМ КММ" мектептің шағын оркестр мүшелерімен шеберлік класс өткізді.

Шәкірттермен бірге ұстаз Бөрі Иса қосылып күй тартып, сөз соңында осындай кездесулердің жалғасы болатынын айтып оқушыларды өнерге деген қызығушылығын арттыра түсті.

Бейнеролик №1. https://youtu.be/3tfiMs_nJQE

KINOALEMГЕ саяхат

Кино өнері – өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор қатысады.

Шеберлік сағаты

"Сырдария" университеті, "Спорт және өнер" факультетінің профессоры Бөрі Иса ауданымыздағы Мұстафа Шоқай атындағы мектептің "Асыл мұра" домбырашылар ансабліьмен жүздесіп, өзінің шеберлік классын өткізді.

Ұстаздың ойын тәсілдеріне, жас өнерпаздар қызыға қарап, тыңдап, өздерінің өнерге деген құштарлығын арттыра түсті.

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Бүгін 01.11.2021ж. күні Түркістан облысы Жетісай қаласы "Сырдария"университетінің "Заңтану және экономика" факультетінің "Құқық және экономика" кафедрасының оқытушысы М.Қ. Маметова Қаржы-11, Қаржы-18, Қаржы-19 топ студенттерімен "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында ашық тəрбие сағатын жоғары дəрежеде өткізді! Ашық тəрбие сағатына кафедра оқытушылары: ғ.м., аға оқытушы М.Ж. Ихласова, ғ.м., аға оқытушы Ж.С. Нұрмұханов жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" іс-қимылының маманы: Н.Б.Қонарбаева қатысты.

Оқиға категориялары