«ТАЛАНТТАР ФАБРИКАСЫ» АТТЫ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС СУРЕТШІЛЕР МЕН ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ КӨРМЕСІ

«Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде  - ұлттық дамудың ұтымды жүйесін  нығайту» атты Халықаралық форумның «Таланттар фабрикасы» атты дарынды жастардың республикалық жас суретшілер мен қолөнер шеберлері көрмесі болып өтті. Көрмеге аудан мектептері Б. Момышұлы атындағы  мектеп гимназия, Түркістан,  Байзақов,  №1 «Мырзакент» - мектеп гимназиясы,   Ю. Гагарин, С.Ерубаев, И.Жансүгіров атындағы ЖОМ КММ ұстаздары мен оқушылары өз қолөнер бұйымдарын көрмеге койды. 
 Түркістан мектебінен Тажеуханова Айсұлу,Сыдыкова Гулвира,  Байзақов мектебінен Роза Жаңабаева,Түймебаева Гүлшат №1 «Мырзакент» - мектеп гимназиясы Тамбаев Тұрсынбай,  Ю. Гагарин мектебінен  Айдауова Базаркүл С.Ерубаев мектебінен Қасымбекова Нұржамал,  И.Жансүгіров атындағы ЖОМ КММ Қасымбеков Нұрболат Б.Момышұлы мектеп гимназиясынан Жайлығанов Ырзабек, Мақсат Бишанов шәкірттерімен қатысты,  жетекшілерге сертификат және сыйлықтар, оқушыларға 1,2,3 дәрежелі диплом табысталды.
     Сонымен қатар көрмеде  5В042100 – «Дизайн», 5В012000- «Кәсіптік оқыту», 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасы студенттерінің шығармашылық жұмыстары  қойылды.
Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық сезімдерін ояту, жас ұрпақты отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, студенттерді ұлттық  құндылықтарымызға және мәдениетімізге баулу, өлкенің әсем табиғатын жанымен сезінетін жастардың шығармашылығын шыңдау, сондай-ақ  жастардың  жеке  шығармашылығын дамыту, әрі кеңінен насихаттау.