КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК - ШЫҢДАЛУ ШЫҢЫ

Дизайн - көркем сурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. 
Дизайн қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. 
Сән әлеміне кіргісі келетіндердің бір ғана мұраты мен мақсаты болады. Ол өзіңнің формаңды табу, яғни сән үлгілері арқылы өзіңнің талғамыңды, көзқарасыңды таныту. Киімді модельдеу оны әртүрлі техникалар мен әдістерді қолданып қалыптастыруды көздейді. 
Киімнің дизайны - бұл жобаның тұжырымдамасын жасаудан және дизайнның негізгі міндетін анықтаудан басталатын жаңа форманы жасау процесі.
«Спорт және өнер» факультеті "Дизайн" білім беру бағдарламасы студенттері «Әмина» ЖШС тігін шеберханасында өндірістік практика өтіп жатыр. Практика барысында дизайнер қыздарымыз заманауи қоғамда көңіл-күй мен тенденцияларды тауып, адамдардың қажеттіліктерін саралап және ертеңгі тұтынушылардың қалауын болжай отырып, киім жиынтығының жаңа тұжырымдамасын жасауда және әртүрлі сән үлгісінде көйлектер, перде тігудің жаңа технологиясымен танысып жұмыс жүргізуде.
Он саусағынан бал тамған шебер дизайнер қыздарымызға сәттілік және шығармашылық табыстар тілейміз.
 

Оқиға категориялары