Бізде қонақта
- 1 view
Университетімізде Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Тарихтан тағылым» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында кездесу болып өтті. Оған тарих және география, филология, дене тәрбиесі және спорт мамандықтары бойынша блім алып жүрген студент жастар қатысты.
Әлеуметтік жоба барысында бірқатар тарихшы ұстаздар осы уақытқа дейін бірнеше жоғары оқу орындары мен колледждерде болып, дәріс оқыған. Басқосуларда Қазыбек биге - 355жыл, Дулат Бабатайұлына –220 жыл және мемлекет және қоғам қайраткерлері Дінмұхамед Қонаевтың 110, Аасанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойларына орай, біртуар азаматтар жайлы олардың өмір жолы, атқарған жұмыстары және жас ұрпаққа қалдырған өлшеусіз еңбектері туралы сөз қозғалған.
Жоба ұйымдастырушылары ұлтымыздың ұлт болып ұйысуына, еліміздің өркендеуі жолында ойып алар орны бар тұлғаларды, көшбасшыларды дәріптеу, олар туралы жас ұрпаққа тереңірек жеткізіп, санада жаңғырту мақсатында бұл жолы Ж. Ташенев университеті студенттеріне Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай ағартушының өмірі жайлы дәріс оқыды. ОҚМПУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Эльмира Мырзалиева «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбы аясында қоғам қайраткерінің қазақ балаларының сауатын ашу жолындағы көзсіз ерліктерін, ағарту жолындағы соқтықпалы соқпалы өмірін, қиындықтарын баяндап берді. Тар заманда басын бәйгеге тігіп, ұлтына еткен еңбегі, ең алғаш рет «Әліппе» оқулығын алып келуі де сөз болды. Әсерлі өткен басқосуда университетіміздің студенттері де тақырыпқа белсенділік танытып, пікір алмасып отырды.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет