ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРҒАУ ЖАЛҒАСУДА

Tashenev University-де дипломдық жұмыстарды қорғау кезеңі жалғасып жатыр. Бүгін кезек Ағылшын тілі кафедрасына келіп жетті — студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын комиссия алдында сәтті қорғауда.
Қорғау процестері барлық кафедраларда жоспарға сай, академиялық талаптарға сәйкес және ашықтықты қамтамасыз ете отырып өтуде. Аттестациялық комиссия құрамына тәжірибелі оқытушылар, өндіріс мамандары мен жұмыс берушілердің өкілдері енген. Қорғаулардың әділдігі мен бейтараптығы толық сақталуда.
Сонымен қатар, университет әкімшілігі тарапынан академиялық адалдықты бұзуға жол бермеу бағытында да белсенді жұмыс жүргізілуде.
Комиссия мүшелері тарапынан заңсыз дастархан ұйымдастыру сияқты әрекеттерге қатаң тыйым салынған. Бұл – ҚР заңнамасына және университет ережелеріне қайшы. Қорғау өтетін аудиторияларда бейнебақылау орнатылған, бақылау шаралары күшейтілді.
Канат Байболов, Tashenev University ректоры:
«Дипломдық жұмысты қорғау — бұл тек академиялық нәтиже ғана емес, сонымен қатар болашақ кәсіби жолға жасалатын алғашқы қадам. Біз үшін ең маңыздысы — әрбір студенттің білімі мен еңбегі әділ бағаланып, шынайы нәтиже көрсетуіне мүмкіндік беру. Сондықтан біз қорғау барысының ашықтығы мен тазалығын басты орынға қоямыз».
Барша бітіруші түлектерге сәтті қорғау тілейміз! Еңбектеріңіздің өтеуі болсын!
 

Оқиға категориялары