«АСТАНА» халықаралық форумына қатысу
- 1 view
УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ СТУДЕНТІ АРУЖАН БЕЙСЕЕВА “АСТАНА” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
Республикалық спорттық жарыстардың жеңімпазы, университетіміздің студенті Бейсеева Аружан «Астана» халықаралық форумына қатысып жатыр. Бұл – әлемдік экономика, қауіпсіздік және тұрақты даму мәселелері талқыланатын Еуразиядағы ең ірі диалогтық алаңдардың бірі.
Биылғы форумның тақырыбы – «Connecting minds, shaping the future» – «Ойларды біріктіре отырып, болашақты қалыптастыру», ал қатысушылар қатарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони, Руанда Президенті Поль Кагаме, Еуропа кеңесінің Бас хатшысы және БҰҰ өкілдері бар.
Аружанның осындай беделді шараға қатысуы университетінің қолдауының арқасында мүмкін болды. Біздің оқу орнымыз тек білім беріп қана қоймай, жастарды халықаралық деңгейде дамытуға күш салады.
Мұндай мүмкіндіктер болашақты өзгертетін жаңа буын көшбасшыларын шабыттандырады деп сенеміз!