Магистранттар диссертациялық жұмыстарын қорғауды бастады

Бүгін Tashenev University-де магистратура білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық жұмыстарды қорғау кезеңі ресми түрде басталды. Бұл – магистранттар үшін бірнеше жылдық еңбектің, ғылыми ізденістің және кәсіби дамудың маңызды нәтижесі.

Қорғау процесін ұйымдастыруда университет академиялық әділдік, ашықтық және сапа принциптеріне баса назар аударады. Барлық аудиториялар бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, ал қорғау рәсімдері жоғары академиялық стандарттарға сай өтуде.

«АСТАНА» халықаралық форумына қатысу

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ СТУДЕНТІ АРУЖАН БЕЙСЕЕВА “АСТАНА” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТЫР
Республикалық спорттық жарыстардың жеңімпазы, университетіміздің студенті Бейсеева Аружан «Астана» халықаралық форумына қатысып жатыр. Бұл – әлемдік экономика, қауіпсіздік және тұрақты даму мәселелері талқыланатын Еуразиядағы ең ірі диалогтық алаңдардың бірі.

Дипломалды практика - мамандыққа маңызды қадам!

«6В01702 - Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» БББ «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасының 4 курс студенттері дипломалды педагогикалық практиканы сәтті аяқтады!
- Тәжірибе Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мектептері мен лицейлері базасында өтті.
- Болашақ педагогтар ашық сабақтар, сынып сағаттарын өткізіп, әдістемелік бірлестіктерге қатысты.
Дипломалды практика - теория шынайы дағдыға айналатын уақыт! Бұл білімді тәжірибеде қолданып қана қоймай, кәсіби мақсаттарды да айқындауға көмектескен маңызды әрі мазмұнды кезең болды!

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРҒАУ ЖАЛҒАСУДА

Tashenev University-де дипломдық жұмыстарды қорғау кезеңі жалғасып жатыр. Бүгін кезек Ағылшын тілі кафедрасына келіп жетті — студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын комиссия алдында сәтті қорғауда.
Қорғау процестері барлық кафедраларда жоспарға сай, академиялық талаптарға сәйкес және ашықтықты қамтамасыз ете отырып өтуде. Аттестациялық комиссия құрамына тәжірибелі оқытушылар, өндіріс мамандары мен жұмыс берушілердің өкілдері енген. Қорғаулардың әділдігі мен бейтараптығы толық сақталуда.

КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Құттықтаймыз! Парида Байнеева профессор ғылыми атағын алды. 
Бүгін университеттің №12 Ғылыми кеңесінің мәжілісінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Парида Байнееваға "профессор" ғылыми атағын беру туралы куәлік салтанатты түрде табысталды.
Университет ректоры Қанат Байболов профессор атағын растайтын куәлікті табыстай отырып:
«Профессор атағы – бұл тек ғылыми жетістіктерді мойындау ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы үлкен жауапкершілік. Университетімізде өз ісіне адал, кәсіби мамандардың болуы – біздің мақтанышымыз», — деп атап өтті.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРҒАУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Университетімізде бітіруші курс студенттері дипломдық жұмыстарын сәтті қорғауда. Бұл — олардың бірнеше жылдық білімінің, тәжірибесінің және зерттеу еңбегінің қорытынды кезеңі.
Аттестациялық комиссиясы құрамы әділ, ашық және кәсіби мамандардан жасақталған. Комиссияға жетекші оқытушылар, өндіріс және жұмыс беруші ұйым өкілдері енген. Қорғау барысы жоғары академиялық стандарттарға сәйкес әділ және бейтарап түрде жүргізілуде.

Оқиға категориялары