КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Құттықтаймыз! Парида Байнеева профессор ғылыми атағын алды. 
Бүгін университеттің №12 Ғылыми кеңесінің мәжілісінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Парида Байнееваға "профессор" ғылыми атағын беру туралы куәлік салтанатты түрде табысталды.
Университет ректоры Қанат Байболов профессор атағын растайтын куәлікті табыстай отырып:
«Профессор атағы – бұл тек ғылыми жетістіктерді мойындау ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы үлкен жауапкершілік. Университетімізде өз ісіне адал, кәсіби мамандардың болуы – біздің мақтанышымыз», — деп атап өтті.
Ғылыми кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Университеттің әлеуметтік және тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстар есебі
Спикер – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы. Ол тәрбие бөлімінің жұмыстары, студенттік бастамаларды қолдау мен жастармен жұмыс жөніндегі шаралар туралы баяндады.
Біліктілік шеңберінде кәсіби деңгейді жетілдіру және қосымша білім беру саясатын әзірлеу, жүзеге асыру
Спикер – Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының директоры Ергешбаева Шынар Нальходжақызы. Ол қосымша білім беру саясатының жобасын таныстырып, еңбек нарығына бейімделудің маңызын атап өтті.
Университеттің халықаралық ынтымақтастық жұмыстарының нәтижелері және даму болашағы
Халықаралық байланыстар департаменті атқарған жұмыстар бойынша Оңалбай Балнұр есеп беріп, шетелдік серіктестермен жаңа бастамалар мен келісімдер туралы баяндады.
Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденіс жұмыстары, StartUP жобалары: нәтижесі мен болашағы
Спикер – Исмайлова Мереке, ғылым орталығының директоры. Ол университеттегі стартаптық экожүйенің дамуы, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметке тартылуы және қолданысқа енген жобалар туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда бірнеше студенттік стартап жоба коммерцияландыру сатысына шыққан, ал жас зерттеушілердің бастамалары ұлттық деңгейдегі байқауларда озып шықты.
Сонымен қатар, университет ректоры Қанат Байболов оқу жылының қорытындысына ерекше тоқталып:
«Алда – дипломдық және магистрлік жұмыстарды қорғау, мемлекеттік емтихандар. Бұл кезеңге барынша жауапкершілікпен қарап, сапалы қорытынды бағалауды қамтамасыз етуіміз қажет», — деді.
Ол сондай-ақ агитациялық жұмыстың да маңызын атап өтті:
«Әр оқытушы – университеттің елшісі. Біз талапкерлерге, әсіресе өңірлердегі жастарға оқу орнымыз туралы кеңінен ақпарат беріп, білім беру мүмкіндіктерімізді жеткізуіміз керек», — деп айтты.
Парида Байнееваны профессор атағына ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми және педагогикалық қызметте шығармашылық табыс, жаңа белестер мен сәтті жобалар тілейміз!
 

Оқиға категориялары