УНИВЕРСИАДАДАҒЫ ФУТЗАЛДАН ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕР!
- 1 view
TASHENEV UNIVERSITY — КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА: УНИВЕРСИАДАДАҒЫ ФУТЗАЛДАН ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕР!
Түркістан қаласында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасындағы XIII жазғы Универсиадада Tashenev University футзал командасы керемет нәтиже көрсетуде.
Біздің студенттер:
• Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы командасын 4:3 есебімен,
• астаналық ESIL University командасын 7:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді!
Бұл жеңістер — студенттеріміздің тек спорттық шеберлігі емес, сонымен бірге рухы мен отаншылдығының, жеңіске деген жігерінің айғағы. Футзал алаңында олар Tashenev University-дің намысын қорғап қана қоймай, жастардың бірлік пен ұйымшылдық арқылы қандай биіктерге жете алатынын дәлелдеді.
Студент-футзалшының пікірі:
«Футзал — бұл тек ойын емес, тактика мен тәртіпті, бірлік пен сенімді қажет ететін спорт түрі. Біз әрбір матчта университетіміздің абыройы үшін соңына дейін күресеміз. Бұл жеңістер — бүкіл команда мен бапкерлік құрамның ортақ еңбегінің нәтижесі»,
— Үргенішбай Диас, спорт факультетінің 3-курс студенті.
Факультет деканының сөзі:
«Біздің студенттердің Универсиададағы табыстары – университетімізде сапалы біліммен қатар, тұлғалық дамуға, спорт пен мәдениетке басымдық берілетінінің жарқын дәлелі. Спорт – бұл тәрбие, бұл ерік-жігер мектебі. Біз жастардың білімді де, белсенді болуына әрдайым жағдай жасаймыз. Бұл жеңіс – рухтың, тәртіптің және командалық еңбектің жемісі»,
— Мырзабек Лесбек, спорт факультетінің деканы.
Рух, бірлік және жастар көшбасшылығы
Бүгінгі студент – ертеңгі ел тірегі. Университет қабырғасында тәрбиеленіп жатқан болашақ мамандар тек кәсіби салада ғана емес, қоғамдық өмірде, спортта да белсенділік танытып келеді.
Футзалдағы жетістіктер – бұл біздің жастардың бойындағы патриоттық рухтың, табандылықтың және жеңіске деген жігердің айқын көрінісі.
Біз жеңістерімізбен мақтанамыз, бірақ ең бастысы — бұл жеңістер артында тұрған еңбек пен бірлікке, елге деген сүйіспеншілікке бас иеміз.
Tashenev University — рухты жастардың таңдауы!
Жаңа биіктерге бірге жетеміз!