Дипломалды практика - мамандыққа маңызды қадам!

«6В01702 - Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» БББ «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасының 4 курс студенттері дипломалды педагогикалық практиканы сәтті аяқтады!
- Тәжірибе Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мектептері мен лицейлері базасында өтті.
- Болашақ педагогтар ашық сабақтар, сынып сағаттарын өткізіп, әдістемелік бірлестіктерге қатысты.
Дипломалды практика - теория шынайы дағдыға айналатын уақыт! Бұл білімді тәжірибеде қолданып қана қоймай, кәсіби мақсаттарды да айқындауға көмектескен маңызды әрі мазмұнды кезең болды!
Барлық әріптес оқу орындарына қолдау және ынтымақтастық көрсеткені үшін алғыс айтамыз!
 

Оқиға категориялары