Хабарландыру
27.03.2025 жылы сағат 10-30-да 211 аудиториясында аға оқытушы Туманова Гульзада Аскаровнаның «Сольфеджио» пәні бойынша ПиК-24-13к тобына «Сольфеджио сабағындағы музыкалық диктант» тақырыбында практикалық ашық сабақ өтіледі.
«Педагогика және өнер» факультеті
«Саз және ән» кафедрасы
«Ауызша іскерлік коммуникация» ашық сабақ
26 наурызда «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасының оқытушысы Б.Д. Әсілбекова «Ауызша іскерлік коммуникация» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Студенттер білімдерін кеңейтіп, іскерлік қарым-қатынастың маңызды аспектілерін талқылау мүмкіндігін жіберіп алған жоқ! Сабақ қызықты және танымдық өтті, студенттер тапсырмаларды орындауға белсене қатысты.
«Бүйрекүсті бездері» ашық сабақ
Сабақтың мақсаты: Құрылысы. Милы қабатының гормондары. Қыртысты қабатының гормондары.
Құттықтаймыз!
Құрметті достар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – бұл көктемнің келуі ғана емес, халқымыздың ежелден бері ұстанған құндылықтарының жаңғыруы, болашаққа деген сенімнің нығаюы. Бұл мереке – бірлік пен татулықтың, мейірім мен жасампаздықтың символы. Ежелден дана халқымыз бұл күнді ынтымақ пен жаңарудың бастауы деп біліп, жаңа жоспарлар мен игі бастамаларға қадам басатын сәт ретінде қабылдаған.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВТІҢ 110 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ: Ж. А. Тәшеневке “Халық Қаһарманы” атағын беру ұсынылды 2025 жылғы 20 наурызда Шымкент қаласында қазақ елінің көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Тәшенев университетінің түлектері Шымкент қаласындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты
2025 жылдың 20 наурызында Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Еңбек адамы – Елдің байлығы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, Шымкент қаласының прокуратурасының ұсынысымен ұйымдастырылды.
Жұмабек Тәшеневтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою
Интеллигенция өкілдері мен мемлекет және қоғам қайраткерлері Жұмабек Тәшенев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Жұмабек Тәшеневтің 110 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Шымкент қаласындағы Ж.Тәшенев атындағы көшеде орналасқан мемлекет қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, университет оқытушылары мен студенттер қатысты.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек:
ТӘШЕНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ
«Маған керегі лауазым емес, қазақ халқының бірлігі мен жерінің тұтастығы. Ол арманыма жеттім. Елім, жерім орнында» деген тау тұлғалы Жұмабек Тәшеновтің туғанына 110 жыл. Ол өз заманында қазақ елі үшін маңызды шешімдерді қабылдаған, қара басын емес елдің қамын ойлаған азамат. Бүгінде елдің тұтастығы мен халықтың бейбіт күнде өмір сүретінін білсек, оның артында Тәшеновтей жандардың ерлігі жатыр. Қазіргі қоғам осы тұлғалардың ерлігін білер ме екен?! Дәл осы сұраққа жауап ретінде Шымкент қаласында Республикалық ғылыми конференция өтті.
Ұлт мақтанышы Жұмабек Тәшеневтің туғанына – 110 жыл
Жұмабек Тәшеневтің туғанына - 110 жыл. Биліктің ең жоғарғы сатысында отырып, халқына адал қызмет еткен, әділдікті ту еткен мемлекет қайраткерінің есіме бүгінде еле есінде.
Осы мақсатта тарихи тұлғаны еске алу үшін ғылыми конференция өткізілді. Шарада зиялы қауым өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, тұлғаны еске алды.