Белсенді жастар студенттер слетінде жоба ұсынды
Жуырда Астана қаласында «Мeta MEET» тақырыбымен XIX республикалық студенттер Слеті өтті. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарының белсенді жастары қатысқан слетке университетіміздің жастар саясаты бөлімінің басшысы Дариға Төлеген мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенді студенттері барып келді.
Екі тараптың ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды
Tashenev University бірқатар шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктес. Соның бірі -- Ресейдегі М.В.Ломоносов атындағы Солтүстік (Арктикалық) федералдық университеті. Ресейдің федералды университеттерінің бірі саналатын бұл оқу орны Архангельск қаласындағы жоғары білім ордасы. Өңірдегі бірнеше жоғары оқу орнын біріктіру арқылы құрылған оқу орнының құрылымында 8 жоғары мектеп және 2 институт бар.
Оқыту ісін оңтайландыруды ойласты
https://aikyn.kz/249411/ok-ytu-isin-on-taylandyrudy-oylasty
Болашақ педагогтерді даярлауда мемлекеттік жоғары оқу орындарымен қатар, жекеменшік университеттер де оқу үдерісін заман ағымына сай жетілдіріп, бәсекеге қабілеттілік танытып келеді.
Халықаралық ынтымақтастық меморандумы
Каподистриас атындағы Афина ұлттық университеті, Грекия мен Ташенев университеті, Қазақстан арасындағы ынтымақтастық
2023 жылдың 19 сәуірінде Каподистриас атындағы Афина ұлттық университетінің ғимаратында ректор, профессор Мелетиос-Афанасиос Димопулос атынан Афины Ұлттық университеті мен Тәшенев атындағы Шымкент университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. (Қазақстан), Ташенов университетінің президенті Серік Оңалбайұлы атындағы халықаралық қатынастар департаментінің директоры Динара Сұлтан ханым.
Қатысушыларға рухани шабыт сыйлаған шара
Университетімізде «Инклюзивті білім беру кедергісіз орта» атты панельдік сессия болып өтті.
Эмпатия кеңес беруші-ресурстық орталығы мен Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы ерекше білімді қажет ететін балалар тәрбиеленетін мекемелерімен бірлесе өткізген жиынға осынау мекеменің басшылары, мамандары мен оқушылары жиналды.
МӘМС жүйесіндегі өзгерістер түсіндірілді
Университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Бахтияр Салиевпен кездесті.
Одан бөлек жиынға осы саланың мамандары, яғни «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Арапкүл Избасарова мен бөлім басшысы Ахмет Беден, Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы Анвар Илеспаев та келді.
Семинарға басшылық құрам қатысты
Tashenev University басшылық құрамы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы «ISO 37001:2016 халықаралық стандарты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі және комплаенс» тақырыбы бойынша жүргізген 3 күндік семинарға қатысты.
Әріптестік жалғасын табады
Университетімізде өтіп жатқан «Ашық есік» күні және Ғылыми апталық аясында Шымкент қаласындағы жалпы білім беретін оқу орындарының басшылары келді. Олар үшінші мегаполисте жұмысын жаңа оқу жылында бастаған жаңашыл оқу орнымыздың әлеуетімен, тыныс-тіршілігімен, оқу процесімен танысты.
Tashenev University негізін қалаушы Оңалбай Аяшев мектеп басшыларымен жүздесіп, оқу орнының құрылу тарихы, білім беру бағдарламалары, оқытушы-профессорлар құрамы жөнінде кең мағлұмат берді. Өңірдегі өзге оқу орындарынан ерекшеліктеріне, студенттердің жай-күйіне тоқталды.