Қабылдау комиссиялары жұмысын бастады
Қазақстанның білім-ғылым тарихында тағы бір кезең бастау алды. Бүгін еліміздегі жоғары оқу орындарында талапкерлерді қабылдау басталды. Жаңа оқу жылына дайындық жұмысы Шымкенттегі университеттерде де қыза түсті. Соның бірі Tashenev университетінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын таңғы тоғыздан бастады. Жалпы жоғары оқу орнына түсу үшін қандай құжат қажет? Оларды қайда, қашанға дейін өткізу керек?
Tashenev University талапкерлерге есігін ашты
Бүгін еліміздің барлық жоғары оқу орындары қабылдау комиссиясы жұмысын бастады.
Бітірушілерге диплом беру
Tashenev University түлектеріне диплом табыстайды
Рәсім 21 маусымда сағат 10:00 университеттің бас ғимаратында өтеді.
Мекенжайы: Қонаев даңғылы 21 үй.
ТАКОГО ЕЩЕ НЕ БЫЛО!
Впервые в Казахстане студенты вуза защитили дипломы в школе. Это новшество внедрено в университете им. Ж. Ташенева по предложению ректора К. Байболова.
Пока площадками для проекта, в рамках которого студенты четвертого курса защищают дипломные работы в школах, стали два средних образовательных учреждения Шымкента.
Выпускники кафедры «Филология» факультета «Педагогика и филология» защитили дипломные работы в школе-гимназии №38.
ЖЫЛ БОЙҒЫ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ
Үшінші мегаполистегі жоғары оқу орындарының қатарына жаңадан қосылған іргелі оқу орны Tashenev University өзінің оқу жылын қорытындылау үстінде.
Университеттің басшылық құрамы жиналған ғылыми кеңесте жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланды. Оқу орнының негізін қалаушы Оңалбай Аяшев қолға алған тың бастамаларды жүзеге асыруда аянбай еңбек еткен барша университет ұжымына алғысын білдірді. Атқарылған игі істерді атап өтті.
САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШ САРАПШЫЛАР НАЗАРЫНДА
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің сарапшылық тобы (IQAA) оқу ордамызда 2 күн бойы бірқатар бағдарламалық аккредитациядан өткізу үшін сыртқы аудит жұмыстарын жүргізді. Бағдарламалық аккредиттеу 5 білім бағдарламасы аясында болды.
УРГЕНЧ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ
Өзбекстан Республикасы Хорезм облысындағы Ургенч мемлекеттік университетінде өткен екі күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға университетіміздің Халықаралық қатынастар департаментінің директоры Шахло Наралиева қатысып қайтты.
Конференция барысында Ургенч мемлекеттік универсиеті мен Tashenev University арасында ынтымақтастық меморандуымына қол қойылды.
Академиялық ұтқырлық, қос дипломды жоба аясында жүргізіліп жатқан екі тарап арасындағы ынтымақтастық меморандумы оқытушы профессорлар қауымы мен студенттерді жақындата түседі.
Университеттің бағдарламаны аккредиттеу
Құрметті Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің СТУДЕНТТЕРІ МЕН ҰЖЫМЫ!
2023 жылдың 22 мен 23 мамыры аралығында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетте бағдарламаны аккредиттеу шеңберінде Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің (БСҚА) сыртқы сараптау тобы жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз.
СТУДЕНТТЕР МЕКТЕПТЕ ДИПЛОМ ҚОРҒАДЫ
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ!
СТУДЕНТТЕР МЕКТЕПТЕ ДИПЛОМ ҚОРҒАДЫ
БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН ОҚУ ОРНЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТҚАНДАР КӨП
Tashenev University Халықаралық қатынастар және шетел студенттерімен жұмыс атқару департаментінің директоры Шахло Наралиева Түркістан қаласындағы және Сайрам ауданындағы мектеп бітірушілерімен кездесу ұйымдастырды.