“Ұстаз аты биік әрі мәңгілік”
2021 жылы 4-қазанда Сырдария университетінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты іс-шара өтті.
Басқарма төрағасы – ректор Бақыт Салманұлы Тоқмұрзаев ұстаздарды құттықтап,білім саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен педагогикалық қызметтегі шығармашылық табыстары мен жоғары біліктіліктері үшін Құрмет грамоталар және алғыс хаттармен марапаттады.
ҰСТАЗ АТЫ – БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКА КҮНІ!
Бұл мерекенің мақсаты – қоғамда музыкалық өнердің насихатталуы және ең бастысы – адамдар, халықтар арасындағы мәдени эстетикалық құндылықтарды түзу. Музыка – жақсы және сұлулыққа тартатын ғажайып құрал.
Иә, адамның музыкасын өмір сүруін елестетудің өзі қиын. «Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй»деп Абай атамыз айтқандай ән – қанатыңды қатайтып, көңіліңді көтереді. Жүректен шығып, жүрекке жетеді.
Құттықтаймыз
«Филология» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), Түркістан облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрбек Мұратбек Анарбайұлы аудандық және облыстық тіл мәселелері жөніндегі іс-шараларға белсене қатысып, мемлекеттік тіліміздің мәртебесі мен мерейін арттыру жолында атқарып жүрген еңбегі үшін Түркістан облыстық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Сүлейменұлының арнайы Алғыс хатымен марапатталды. Тіл жанашырларына көрсетілген құрмет пен ыстық ықыласына ризашылық білдіреміз!
Маңызды кездесу
27 қыркүйек 2021 жылы «Сырдария» университетінің бас оқу ғимаратында «Құқық және экономика» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д. профессор Жандарбек Б.А., «Заңтану және экономика» факультетінің деканы з. ғ. к., қауым. профессор Ынтымақов С.А. және аға оқытушы ғ.м. Ихласова М.Ж қатысуымен 1 курс студенттерінің ата-аналарымен кездесу болып өтті.
«Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және санасын қалыптастыру» атты семинар
23 -қыркүйек күні университетте «Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және санасын қалыптастыру» атты семинар өтті.
Тіл тағдыры –барша қазақ халқының тағдары
22.09.2021 жылы «Сырдария» университетінің «Жаратылыстану» факультетінің кітапхана бөлімінде 22 қыркүйек Тілдер күніне орай «Тіл тағдары-барша қазақ халқының тағдыры» атты көрме болды.
ТЕАТР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Қай ел, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және өнегелі тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс.
Мәдениеттің өзекті бөлігі- өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер- қоғам дамуының негізгі қажетті саласы.
"Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін және санасын қалыптастыру" атты семинар
Мақсаты: ҚР Президентінің 01.09.2021 ж. Қазақстан халқына жолдауы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды іске асыру
Спикерлер:
1. Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы - з.ғ.к., «Экономика және заңтану» факультетінің деканы
Баяндаманың тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың мемлекет пен қоғамның қазіргі заманғы мүмкіндіктері»
«АИТВ және ЖИТС-тің алдын алу» атты кездесу
«Сырдария» университетінде АИТВ және ЖИТС-тің алдын алу мақсатында «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» Жетісай қаласы бөлімшесінің эпидемиалы дәрігері Базаралы Нұрхайым Жұмағалиұлы студенттермен кездесуі өтті.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет