Семинарға басшылық құрам қатысты
- 1 view
Tashenev University басшылық құрамы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы «ISO 37001:2016 халықаралық стандарты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі және комплаенс» тақырыбы бойынша жүргізген 3 күндік семинарға қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған семинар жоғары деңгейде өтті. Онда филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Сәуле Рысбаева, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Альжанова және «Педагогика және психология» магистрі, тренер – коуч, практикалық психолог, кәсіби медиатор Гүлжан Қожахметова сабақ өтіп, тақырыпты тиянақты түсіндірді.
Университеттің басшылық құрамы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы -парасаттылық мәдениетін дамыту құралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық», «Жеке тиімділікті дамытудағы құндылықтар жүйесі. Қызметтегі эмоцияны басқару технологиясы» тақырыптары бойынша білім алды. Сабақ Teambuilding, brainstorming тәсілімен қызықты интерактивті пікірталастарға ұласты.
Оқытушыларға берері көп семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет