Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017
Білім беру саласына бар өмірін арнап, педагогикалық қызмет атқарып келген "Сырдария" университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Мұсабекова Гүлнар Тәжібайқызы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017" атағына ие болып, мемлекеттік грантты жеңіп алды.
Гүлнар Тәжібайқызын шын жүректен құттықтаймыз! Білім беру жолындағы еңбегіңіз еселеніп, ғылыми ізденісіңіз межелі жетістіктерді бағындыра берсін! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық пен қажырлы күш-жігер тілейміз!
Жыл үздіктерін құттықтаймыз
Өткен жылдың соңғы күнінде аудан жастары арасындағы "Жыл үздігі - 2017" байқауында Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Ермекбай Ермахан "Үздік жас белсенді", Данияр Әсілбек "Үздік жас тілші", жайдарманның "Шабытты маусымында" чемпион атанған "Сырдария құрамасы" "Жыл жаңалығы" номинациясымен марапатталды.
Жыл қорытындысында үздік атанған жастарды лайықты марапатымен құттықтаймыз!
Өз салаларында үздік қызмет иесі бола берулеріне шынайы тілектестік білдіреміз.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Әлемнің көптеген елдерінде мерекеленетін ерекше мейрам – Жаңа жыл. Жаңа жылды ең ғажайып мереке ретінде атап, келе жатқан жылдан жаңа бақыт күту дәстүрге айналған. Осыған орай университеттің Жастар комитеті мен Тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Н.С.Тленчиева студенттердің Жаңа жылдық мерекелік кешін ерекше салтанатпен ұйымдастырды.
Профессор-оқытушылар құрамы марапатталды
"Сырдария" университетінің үшінші он жылдыққа қадам басар тұсындағы жағымды жаңалықтарының бірі – бірқатар профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық еңбегі еленіп, марапатқа ие болуы.
Оқу орнының ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков білім беру саласының өркендеуі жолындағы шынайы қызметі, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табысты еңбегі және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын жоғары жауапкершілігі үшін 15 оқытушы мен қызметкерге алғыс білдірді:
Жас медиа жеңімпазы
"Қазақстан жастарының конгресі" заңды тұлғалар бірлестігі және "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен ұйымдастырылған "Жас медиа" тұңғыш республикалық жас журналистерге арналған жоба аясында Қт-15 тобының студенті Данияр Әсілбек Оңтүстік Қазақстан облысының лауреаты атанып, 100 мың тенге сертификатына ие болды.
Жас медиа жеңімпазын шын жүректен құттықтаймыз!
Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі
Үстіміздегі жылдың 14-желтоқсанында бабаларымыздың асқақ рухы алдында, жан алысып, жан беріскен аманатына тағы бір тағзым ететін тарихи күн тойланды. "Гуманитарлық білім" факультеті мұрындық болған "Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі" атты тарихи-танымдық кеш тарихтың тереңіне қозғау салды.
Біздің жеңімпаздары
2017 жылы "Ғылым шарайнасы" атты студенттердің ғылыми-зертеу жұмыстарының жеңімпаздары
№ |
Аты-жөні |
Орындары |
Тақырыбы |
Мамандығы Құрметті мақтаралдықтар, "Сырдария" университетінің ұжымы және студент жастар!Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – еліміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің нышаны, азаматтық сана-сезімге негізделген мемлекеттік қағидаларымыздың тұрақтылығы, тең құқықтылығы, дербес демократиялық тұрақты республика ретінде қалыптасуы. Тәуелсіздік – тұғырым, мәңгілік ел – ұранымЕліміздің Тәуелсіздігі күні мен университеттің 20 жылдығына орай желтоқсан айының 13-жұлдызында "Тәуелсіздік – тұғырым, мәңгілік ел – ұраным" тақырыбында студенттік конференция болып өтті. Діни ағымдардың алдын алу2017 жылдың 13-желтоқсанында Жастар комитеті кереғар діни ағымдардың алдын алу мақсатында арнайы мамандармен кездесу өткізді. Аудандық "Нұғман" мешітінің найб имамы, ҚМДБ Жастар ісі секторының Мақтарал ауданы бойынша басшысы, Аудандық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының инспекторы, дінтанушы теолог, АТК комиссия мүшесі, ағымдармен жұмыс жасайтын маман, Зекет қоры КҚ Мақтарал ауданы бойынша жетекшісі қатысқан кездесуде қазіргі діни экстремизнің салдары, қоғамға деген әсері, адами сананың улануы туралы мәселелер қозғалды. Оқиға категорияларыСтуденттік өмір (353) Ашық сабақтар (220) Қонақтармен кездесу (216) Семинар (179) Мерекелер (129) "Өнер ..." (118) Жетістіктер (107) Талапкер (88) Конференция (62) Тренинг (59) Ғылыми жобалар (56) "Экономика..." (51) Академиялық саясат (45) Жас маман (44) Аяшев О.А. (40) Филология (37) "Саз және ән" (36) Форум (36) Кәсіптік практика (35) Біліктілік арттыру (29) "Ағылшын тілі" (28) "АКТ" (26) 7СЫР (24) "Педагогика ..." (23) "Дизайн" (23) Абенова Л.У. (21) Аккредиттеу (18) Медицина (16) Жаңа Жетісай (13) Рейтинг Media (12) Guest speaker (12) Egemen Qazakhstan (12) Адалдық сағат (10) Мұражай (10) Үздік оқытушы (10) Үйірмелер (9) Мейірбеков М.Б. (9) Рейтинг (9) Робототехника (8) Студенттік Кеңес (8) Магистратура (6) Ректор гранты (3) |