Шетелдік ғалымның «Қонақ лекциясы»
2024 жылдың 14 қазанында Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің магистранттары мен студенттеріне арналған «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша, Zoom арқылы «ЖОО-да ағылшын тілін оқытудың практикалық аспектілері» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Мәскеу қаржы университетінің ағылшын тілі және кәсіби коммуникация кафедрасының доценті Торбик Елена Михайловна дәріс оқыды.
Жораева Сауле Базарбаевна
Жораева С.Б. - II. 1.Педагогикалық құбылыстарды зерттеуге қажет әдіснамалық тұғырлар
Жораева С.Б. - II. 2.Блум токсономиясы бойынша бастауыш сынып оқушыларына ұсынылатын деңгейлік тап/р
Жораева С.Б. - II. 3.Жаңа тұрпатты бастауыш мұғалімге қойылатын кәсіби педагогикалық талаптары
«Цитология, гистология және эмбриология» пәнінен ашық сабақ
Кафедрамыздың х.ғ.к. аға оқытушы Айткулова Райхан Эльтайбековна «Цитология, гистология және эмбриология» пәнінен Ашық сабағын өтуде.
Сабақта STEM технологиясының элементтері мен ойын технологиясын қолданудың нәтижесінде сабақ түсінікті, қызықты өтті.
Аккредиттеу, 2022-2024 жж.
► Аккредиттеу туралы куәлік (2 бет). Жарамдылык мерзімі: 13.12.2023 - 13.12.2028
«Ұстаз – ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағаты
«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының магистр, оқытушы Жораева Гаухар Базарбайқызының ұйымдастыруымен, бекітілген жоспарға сәйкес.
08.10.2024ж Гагарин көшесі-22 корпусында ұстаздар мерекесіне арналған «6ВО1301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен «Ұстаз – ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараға факультетіміздің деканы, профессор, п.ғ.к аға оқытушы, оқытушы құрамы шақырылды.
1 курстың студенттері ұстаздарына арнап Балтабай Аиданың орындауында «Ұстазым» әнін орындады.
АЭС салу бойынша референдум
Бүгін университет ректоры, профессор - Қанат Сейтжанұлы Байболов қаламыздағы №101 дауыс беру учаскесіне барып, Референдумға қатысып, дауыс берді.
АЭС салу бойынша референдум – біздің елдің болашағы үшін өте маңызды қадам. Әрбір дауыс – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуына қосылған үлес.
Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, оның дамуына сенімді үлес қосу – әр азаматтың қасиетті парызы. Сол себепті барлық университет ұжымы мен студенттерімізді дауыс беруге шақырамыз!
ҰСТАЗДАР - ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР
“Ұстаз» деген адамзат үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
Бүгін Тәшенев университеті ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өткізді. Жиынға Тәшенев университеті АҚ Басқарма басшысы- Оңалбай Аяшұлы мен университет ректоры Қанат Сейтжанұлы қатысып, шәкірт тәрбиелеу жолында еңбегін аямаған мұғалімдерді мерекесімен құттықтады.
Ұстаз – ұлы тұлға!
4 қазан күні, еліміз Ұстаздар күнін – кәсіби ұстаз мамандар мен білім саласы қызметкерлерінің төл мерекесін атап өтті. Біз үшін бұл мереке – саналы да сапалы білім беру үрдісіндегі әрбір оқытушының шынайы еңбегі мен мәртебесін атап өтетін күн болып табылады. Еліміздің өскелең жас ұрпағын біліммен сусындырып, әрқайсысы үшін үлкен өмірге даңғыл жол салып беретін ұстаздардың адал еңбегін бағалауға, пәк сезіммен айтып жеткізуге сөз жетпейтіні белгілі.
«Ұстаз-ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағаты
«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Бастауыш білім және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының магистр,аға оқытушысы Байгунова Динара Мадиханқызының ұйымдастыруымен, бекітілген жоспарға сәйкес 04.10.2024 күні Гагарин көшесі-22 корпусында ұстаздар мерекесіне арналған «Музыкалық білім және эстрадалық ән салу» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен «Ұстаз-ұлы тұлға» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс шараға факультетіміздің деканы, факульетіміздің аға тәлімгерлері және профессор оқытушы құрамы шақырылды.
Ұстаздар күніне
Тарих және география мамандығының бойынша 1- ші, 2- ші курс студенттері Ұстаздар мерекесіне орай өздерінің оқу корпустарының алдында ұстаздарды есік алдынан салтанатты түрде күтіп алып, ыстық кофе мен шоколад ұсынды. Бұл әрекеттерімен олар ұстаздарға деген ыстық ілтипаты мен құрметін білдірді. Ал студенттерінің махабатына бөленген оқытушылар өздерінің ризашылықтары мен жылы лебіздерін білдіріп жатты.