Шетелдік ғалымның «Қонақ лекциясы»

2024 жылдың 14 қазанында Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің магистранттары мен студенттеріне арналған «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша, Zoom арқылы «ЖОО-да ағылшын тілін оқытудың практикалық аспектілері» тақырыбында дәріс оқыды филология ғылымдарының кандидаты, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Мәскеу қаржы университетінің ағылшын тілі және кәсіби коммуникация кафедрасының доценті Торбик Елена Михайловна.
Жұмабек Тәшенев атындағы университет ректоры, т.ғ.к., профессор Қанат Сейітжанұлы Байболовтың алғы сөзінен кейін магистранттар шетелдік ғалымның дәрісін тыңдап, сауалдарын қойып, жоғары оқу орнында ағылшын тілін оқытудың практикалық аспектісін талқылады.