Мамадияр Данагүл Бахтиярқызы

Жұмыс өтілі:
2024 Ж.Ташенев атындағы университет лауазымы: оқытушы
Білімі : 
Жоғары, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, бакалавр 2013-2017 жж 
Магистратура 2017-2019жж  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Біліктілікті арттыру:
1)    «ASTANA JOBALARY» халықаралық және республикалық жобаларды ұйымдастыру орталығынан 2024 жылғы 03-16 қыркүйек аралығында 72 сағат көлемінде «Отбасы құқығы» пәні бойынша білім талаптарына сәйкес біліктілігін арттыру курсын сәтті аяқтаған

«Әр түрлі білім беру деңгейлерінде информатиканы оқыту мәселелері» ақпараттық дәріс

29.10.2024ж.  «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ  «Педагогикалық және жаратылыстану» факультеті «Математика және информатика»  кафедрасы магистрі, аға оқытушы Катбаева Майра Турганбаевна  6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау БББ  ЕП-22-13к  тобына «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен «Әр түрлі білім беру деңгейлерінде информатиканы оқыту мәселелері» тақырыбы бойынша ақпараттық дәріс түрінде ашық сабағын өтті.  Сабақ жоғары деңгейде өтілді, студенттер сабақ барысында белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді. Кафедраның ПОҚ қатысты.

Закирова Меруерт Расилбековна

Еңбек жолы: 2017-2023 жж. Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясында әдістемелік бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.
     2024 Ж.Ташенев атындағы университет лауазымы: аға оқытушы 
Біліктілікті арттыру:
1)    «ASTANA JOBALARY» халықаралық және республикалық жобаларды ұйымдастыру орталығынан 2024 жылғы 03-16 қыркүйек аралығында 72 сағат көлемінде «Отбасы құқығы» пәні бойынша білім талаптарына сәйкес біліктілігін арттыру курсын сәтті аяқтаған
Ғылыми жұмыстары:

«Кәсіпкерлік қызметте бизнес жоспарлау» ашық дәріс

28.10.2024ж., сағат 12-30, 304 дәріс аудиториясында «Экономика және басқару» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы А.А.Мустапаевтың «Көшбасшылық және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен «Кәсіпкерлік қызметте бизнес жоспарлау» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Темирова Ж.Ж., Абдурахманова З.А., «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Садуақас А.Н. және басқа да кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. 

Ашық тәрбие сағат

«Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы Жүзжасарова Акмарал Аймаханбетқызы 6В01414 "География,  6В01509 "География-тарих мұғалімдерін даярлау», 6В01601- «Тарих мұғалімдерін даярлау», білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерімен 25 қазан Республика күнінен орай ашық тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында тәлімгер студенттермен 1990 жылғы 25 қазандағы күннің тарихи маңыздылығы туралы, осы күні республикамыздың егемендігі туралы құжат қабылданғаны туралы әңгіме жүргізді. Сондай-ақ, викториналық сұрақтар қойылып оларға жауап беріп, тақырыпты жан-жақты талқылады.

«Мәңгілік жаса, қыран елім- Қазақстан!»

Бүгін қазанның 24 күні, сағат  11.00 - де Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының архиві КММ-нің мекемесінде Республика күніне арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім- Қазақстан!» тақырыбында іс-шара болып өтті.

Оқиға категориялары