«Мансап бастау және Beeline мүмкіндіктері» қонақ дәріс
2024 жылдың 17 қазанында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығының ұйымдастыруымен Beeline - Қазақстан компаниясымен университеттің білім алушыларымен кездесу өткізді. Компания білім алушыларға мансапты бастауға және кәсіби дағдыларды дамытуға мүмкіндік ұсынды. Білім алушылар компанияның қызмет саласына қызығушылық танытты. Жұмысқа орналасу туралы әр түрлі тақырыптар мен сұрақтар талқыланды. Компания өкілдері студенттер қойған барлық сұрақтарға үлкен қуанышпен жауап берді. Ақпаратты ұсынудың бұл форматы өте өзекті болды.
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» ашық тәрбие сағат
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедраның аға оқытушысы Б.А.Аяпова ПИК 24-6к тобында 16.10.2024ж. күні «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР
TASHENEV UNIVERSITY студенттері өздерінің ғылыми-зерттеу дағдыларын оқу үдерісі аясындағана емес, сонымен қатар ғылыми, шығармашылық үйірмелер мен бірлестіктерге қатысу арқылы көрсетуде. Жас оқушылардың басым бөлігі студенттердің республикалық ғылыми, ұйымдастырушылық-бұқаралық іс-шараларына: пәндер мен бағыттар бойынша ғылыми семинарларға, конференцияларға және олимпиадаларға қатысуы жас ғалымдардың ғылымға бейімделу бағыты болып табылады.
«Стек протоколов ТСР/IP» ашық сабақ
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы 2024-2025 оқу жылындағы (І жарты жылдық) ашық сабақ жоспары бойынша 15.10.2024 жылы сағат 12:30 Ресурс орталығында Кенжебаева У.Е. «Компьютерные сети» пәні бойынша ИЭФ 22-9к,9р топтарына «Стек протоколов ТСР/IP» тақырыбымен визуалды дәріс өткізді.«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары 2024-2025 оқу жылындағы (І жарты жылдық) ашық сабақ жоспары бойынша 15.10.2024 жылы сағат 12:30 Ресурс орталығында Кенжебаева У.Е.
«Графикалық редактор РHOTOSHOP бағдарламасы» ашық сабақ
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы 2024-2025 оқу жылындағы (І жарты жылдық) ашық сабақ жоспары бойынша 15.10.2024 жылы сағат 14:30 410 аудиторияда Нахипова В.И. «Компьютерлік графика және анимация» пәні бойынша ИЭФ -23-9к, 9р топтарына «Графикалық редактор РHOTOSHOP бағдарламасы» тақырыбымен визуалды дәріс өткізді.
«Күйдің динамикалық шартты белгілерін меңгеру» жеке практикалық ашық сабақ
«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Спорт және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының ҚР мәдениет қайраткері, магистрант, аға оқытушы Қайнарбаева Айгүл Қалмаханқызының 15.10.2024 күні Гагарин көшесі-22 корпусында ПиК-24-4к 1-курс студенттерімен «Домбыра-І» пәнінен «Күйдің динамикалық шартты белгілерін меңгеру» тақырыбы бойынша жеке практикалық ашық сабақ өткізді.
Conversation Club ашылды
Студенттер арасында асыға күткен әрі сүйікті Conversation Club Ташенев Университетінде «Ағылшын тілі» кафедрасының базасында ашылды!
«Ағылшын тілі» кафедрасының қолдауымен студенттерге Назарбаев Интеллектуалды мектебінің оқытушысы, ағылшын тіл тасушысы Javans Ochieng-пен интеллектуалдық сұхбатта өздерін көрсетуге ерекше мүмкіндік берілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» ашық тәрбие сағат
Ж.А.Тәшенев атындағы университеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының оқытушысы А.А.Жапсар ПИК 24-7к тобында 14.10.2024 күні «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты:
Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру;
«Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы» ашық дәріс
14.10.2024 жылы «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогикалық және жаратылыстару ғылымдар» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының магистр, аға оқытушы Архабаева Алтынай Кайратовна «Мәдениеттану және психология» пәнінен ПиК 24-14к2, 2к2,1к топ студенттерімен «Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы» атты тақырыбында ашық дәріс сабағы өткізілді. Сабаққа кафедра құрамы қатысты. Оқытушы сабақ барысында жаңа тақырыптың теориялық бөлімі толық қамтылды, сонымен қатар студенттердің есте сақтау қабілетін жоғарлату мақсатында тренинг ұйымдастырды.
«Адал жолмен жетістікке жету» ашық сабақ
14.10.2024 ж. МПиК-24-7к магистранттарымен бірге «Адал жолмен жетістікке жету» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Адалдықты сақтау шаралары білім беру процесінің негізін қалайды және оқу орындарындағы әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Магистранттар мен студенттер академиялық алаяқтықтың барлық түрлерінен сақ болуы керек, өйткені плагиат, жалған мәліметтер беру немесе бағаларды бұрмалау оқу процесінің сапасын төмендетіп, ғылыми ортаның адалдығынан ұқсан келтіреді.