Күлия Айдарбековамен кездесу

  2024 жылдың 24 қазанында  Жұмабек Тәшенев университетінің «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен   «Құрмет» орденінің иегері, Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби сыйлық пен М.Х.Дулати атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері, ҚР мәдениет қайраткері, журналист, жазушы, Төле би ауданының Құрметті азаматы - Күлия Айдарбековамен кездесу кеші өтті.  

Ашық практикалық сабақ

23.10.2024ж., сағат 12:30, Спорт залда «Дене шынықтыру» кафедрасының магистр оқытушы Талдыбек С.Е. «Дене шынықтыру» пәнінен, «Волейбол ойынының техникасын жетілдіру» тақырыбында ашық практикалық сабағын өткізді. 
Оқытушы мен білім алушылар арасындағы кері байланыс практикалық сабақ барысындағы өте маңызды, сабаққа деген қызығушылық ашық сабақ барысынан көрінді.
 

Ашық практикалық сабақ

23.10.2024ж., сағат 8:30, Спорт залда «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының магистр аға оқытушы Сапарбеков Н.С. «Баскетболды оқыту әдістемесі» пәнінен, «Баскетбол ойынына үйрету техникасының негіздері» тақырыбында ашық практикалық сабағын өткізді. 
Оқытушы мен білім алушылар арасындағы кері байланыс практикалық сабақ барысындағы өте маңызды, сабаққа деген қызығушылық ашық сабақ барысынан көрінді.
 

«Инклюзивті білім беруде жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану» ашық практикалық сабақ

22.10.2024 жылы «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогикалық және жаратылыстару ғылымдар» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының магистр, аға оқытушы Анапьяева Салтанат Амиралиевна «Инклюзивті білім беру» пәнінен ЕП-22-12к топ студенттерімен «Инклюзивті білім беруде жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану» атты тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді. Сабаққа кафедра құрамы қатысты. Оқытушы сабақ барысында жаңа тақырыптың теориялық бөлімі толық қамтылды, топтық жұмыс жүргізілді. Студенттермен бірнеше тренинг өткізілді. 

«Табиғи және жасанды радиоактивтілік» ашық сабақ

«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдар» факультеті, «Математика және информатика» кафедрасының ғылым магистрі., аға оқытушысы М.Б.Динасилованың  6В01502 –«Физика мұғалімдерін даярлау» БББ ЕП-22-14ка студенттеріне «Атом және ядролық физика» пәнінен «Табиғи және жасанды радиоактивтілік» атты ашық сабақ өтті. 21.10.2024жыл сағат 09:30 аудитория 205В дәрісханада (Гагарин көшесі 22а) өткізді.

«Түстану және колористика» пәнінен ашық практикалық сабақ

2024 жылдың 21 қазанында «Дизайн» кафедрасының магистрі, оқытушысы Ахметова Зейнепкул Досымовна 6В02101 – «Дизайн» БББ бойынша, ПиК-24-14к1 тобының 1 курс студенттеріне арналған «Түстану және колористика» пәнінен ашық практикалық сабақ өткізді. Ашық практикалық сабақтың тақырыбы «Ахроматикалық композицияның жарықтық диапазоны. Әртүрлі ашықтық диапазондарда туыстас-контраст гармониялардың 4 тобын құру. Туыс және қарама-қарсы түстер үйлесімі» пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келеді (силлабус).  «Ахроматикалық композицияның жарықтық диапазоны.

«Advance» Educational center» біліктілікті арттыру курсы

2024 жылы 16 қыркүйектен 18 қазан аралығында Жумабек Ахметұлы Ташенев атындағы университеттің профессор-оқытушылар құрамы Алматы қаласында 72 сағат көлемінде оқылатын пәндер бойынша «Educational Center «Advance» біліктілікті арттыру курсынан өтті. Курс «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының пәндері бойынша коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.

Хабарландыру

"Жалпы білім беру ортасында адамдардың (балалардың) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу"
Біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасын инклюзивті білім беру саласындағы оқытушылардың құзыреттерін дамыту және жетілдіру үшін "АИСТ" инклюзивті және арнайы технологиялар академиясы әзірледі.

«Меншіктің пайда болуы және тоқтатылуы» ашық сабақ

Өткізілген күні: 17 қазан 2024 жыл
Өткізілген орны: Ташенов университеті, «Құқық және бизнес» кафедрасы
2024 жылдың 17 қазанында Ташенов университетінде «Меншіктің пайда болуы және тоқтатылуы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Сабақты заң пәнінің оқытушысы Нұржан Арстанұлы Кенжебаев жүргізді. Сабақ барысында меншік құқығының жалпы ережелері, оның пайда болу және тоқтатылу негіздері жан-жақты талқыланды.

Оқиға категориялары