Ұстаз – ұлы тұлға!

4 қазан күні, еліміз Ұстаздар күнін – кәсіби ұстаз мамандар мен білім саласы қызметкерлерінің төл мерекесін атап өтті. Біз үшін бұл мереке – саналы да сапалы білім беру үрдісіндегі әрбір оқытушының шынайы еңбегі мен мәртебесін атап өтетін күн болып табылады. Еліміздің өскелең жас ұрпағын біліммен сусындырып, әрқайсысы үшін үлкен өмірге даңғыл жол салып беретін ұстаздардың адал еңбегін бағалауға, пәк сезіммен айтып жеткізуге сөз жетпейтіні белгілі.
          Осы айтулы мереке қарсаңында Университет ұстаздарының кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Ж.А.Тәшенев университеті АҚ Басқарма басшысы – Оңалбай Аяшұлы мен университет ректоры Қанат Сейтжанұлы қатыстысып, шәкірт тәрбиелеу жолында еңбегін аямаған мұғалімдерді мерекесімен құттықтады.
         Сонымен қатар Мектепке дейінгі оқыту және психология кафедрамыздың магистр, аға оқытушысы Анапьяева Салтанат Амиралиевнаға  Ж.А.Тәшенев университеті АҚ Басқарма басшысы – Оңалбай Аяшұлы  Құрмет грамотасын табыстады.