«Түстану және колористика» пәнінен ашық практикалық сабақ

2024 жылдың 21 қазанында «Дизайн» кафедрасының магистрі, оқытушысы Ахметова Зейнепкул Досымовна 6В02101 – «Дизайн» БББ бойынша, ПиК-24-14к1 тобының 1 курс студенттеріне арналған «Түстану және колористика» пәнінен ашық практикалық сабақ өткізді. Ашық практикалық сабақтың тақырыбы «Ахроматикалық композицияның жарықтық диапазоны. Әртүрлі ашықтық диапазондарда туыстас-контраст гармониялардың 4 тобын құру. Туыс және қарама-қарсы түстер үйлесімі» пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келеді (силлабус).  «Ахроматикалық композицияның жарықтық диапазоны. Әртүрлі ашықтық диапазондарда туыстас-контраст гармониялардың 4 тобын құру. Туыс және қарама-қарсы түстер үйлесімі» мұғалім студенттерге практикалық сабақтың жоспары мен мақсатын түсіндіріп, тақырыпты көрнекі материалдар арқылы ашты. Сабаққа кафедра меңгерушісі және кафедра оқытушылары қатысты. Ашық практикалық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылған, барлық материалдар инновациялық әдістемені қолдана отырып, қолжетімді тілде баяндалған. Студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысты және оқытушының студенттер мен байланысы сезілді. Сабақ барысында студенттердің шығармашылық шабытының оянғаны байқалды.

Оқиға категориялары