Үздік оқытушы. Нұрбек Мұратбек Анарбайұлы

Syrdariya University "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а.

- 30ға жуық ғылыми мақалалар бар. "Әдебиеттану ғылымына кіріспе" оқу құралы мен "Студенттерге қазіргі қазақ және өзбек тілдеріндегі мәдени-тұрмыстық лексиканы меңгерудің теориялық және әдістемелік негіздері" атты монография авторы.

Ішкі академиялық саясат бағдарламасын іске асыру

Профессор-оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуын жүзеге асыру мақсатында:
«Сырдария» университеті мен «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ арасындағы ынтымақтыстық туралы келісім-шарт негізінде келесі профессор-оқытушылар «Сырдария» университетінде» 2021 жылдың 25 наурызы мен 07 сәуір аралығында онлайн форматта дәріс оқып, сертификаттар алды:
 

1

Авторлық куәлік иегері атанды!

«Құқық және экономика» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Джандарбек Бауыржан Абылқасымұлы белгілі заңгерлер Ж.М және М.В. Чокиндермен бірлесіп «Гражданское процессуальное право Республика Казахстан» оқулығын дайындап шығарғаны үшін Қазақстан Республикасы «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы» Куәлігін (авторлық куәлік) алды. 
PDF-нұсқа
 

Құрметті талапкер!

Құрметті талапкер, Сіз жоғары білім алу үшін өзіңіздің болашақ жоғары оқу орныңызды таңдаған боларсыз!

Егер білім беру бағдарламаларын таңдау, дайындық бағыттары бойынша бөлінген гранттар бойынша, мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жоғары оқу орындары бойынша, шығармашылық емтихандар және басым құқық бойынша сұрақтар туындаса,Syrdariya University қабылдау комиссиясына қоңырау шалуыңызға болады.

“Рамазанда бір жақсылық” акциясы

Syrdariya University волонтер-жастарының дәстүрге айналған қайырымдылық шарасы бар. Бұл дәстүр биылғы Рамазан айында өз жалғасын тапты.

Университет қызметкерлері мен студент-жастардың ұйымдастыруымен Жетісай қалалық мектеп-интернатындағы балаларға сыйлықтар табысталды. Әр түрлі кітаптар, оқу барысында қолданылатын ең қажетті заттар үлестірілді. Студенттер олармен бірге сергіту сәтін ұйымдастырып, қызықты ойындарды бірге ойнады. Оқушылардың қуанышында шек жоқ екені олардың көңіл-күйлерінен көрінді.
 

Студенттік қорытынды кеңес өтті

Syrdariya University әрқашан өз білім алушылары үшін үздік тәжірибелерді лайықты түрде қолданады. Бұл үрдіс студенттердің жеке тұлғалық дамуы мен жаңа дағдыларының қалыптасуында маңызды роль ойнайды. Солардың бірі Студенттік Кеңес.

Қазірде бұл кеңес университеттің ең белсенді жастарын біріктіруші, көшбасшы құрылымға айналып, студенттік өзін-өзі басқарудың эталонына айналды. Кеңес құрамына SU Students’ Union, студенттік ректорат мүшелері, студенттік офицерлер, студенттік ұйым жетекшілері кіреді.

"Ыбырай Алтынсарин және қазіргі заманауи білім" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ұлы ағартушы - ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ыбырай Алтынсарин және қазіргі заманауи білім» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Оқиға категориялары