Қайырымдылық - қадірлі іс

Бүгін Syrdariya University құрылтайшыларының ұйымдастыруымен "Қайырымдылық - қадірлі іс" акциясы өтті.

Қасиетті рамазан айы аясында өткізілген қайырымдылық шарасы жыл сайын тұрақты өткізіліп отыруы дəстүрге айналған.

Турскельдина Майра Темирхановна

Қазақ ұлттық спорт және туризм академиясының түлегі, дене шынықтыру және спорт маманы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Еңбек жолын Алматы облысы Алматы қаласындағы №25 орта мектепте бастады, 34 жылдан астам Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде, 12 жылдан астам "Қайнар" академиясында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта "Сырдария" университетінің "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.

«Сырдария» университеті құрылтайшылары тарапынан қарпайым халыққа көрсетіліп отырған әлеуметтік қолдау мен жәрдем

Жұмыссыздықтың салдарынан Қазақстаннның шалғай аудандарында халықтың әлеуметтік ахуалы әлі де болса тым төмен деңгейде қалып отыр. Алыс ауыл-аймақтағы халық негізінен, қолында бар бірен-саран ірілі және ұсақ малдың, сондай-ақ диханшылықтың арқасында күн көріп келеді. Ауылда жастар үшін болашақ бұлыңғыр, жұмыс табу мүмкін емес. Алыс ауылдағы ата-аналар көбіне мектеп бітірген балаларын мемлекеттік грант бойынша жоғары оқу орындарына әрдайым оқыта алмай жатады.

"Біз соғысты көрген жоқпыз"

Кітапхана ұжымы ұйымдастырумен: Малдыбекова П., Агубаева Г, Батырханова С. 
Қатысушылар: «Сырдария» университетінің студенттері Ноғайбек Е. Тар-10, Қожан С. Хим-10, Тұлбасаев Н. Шт-19.
7-9 мамыр Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған «Біз соғысты көрген жоқпыз» деген тақырыпта студенттер арасында іс-шара және кітап көрмесі өткізілді. 
«Біз соғысты көрген жоқпыз, Естідік,
Соғыстан соң туғандарымыз, етек жауып, ес біліп. 
Соғыс үні жетім болып, жесір боп, 
Тұратындай әлі бізге естіліп…»

Тəрбие сағат "Ел - ертеңі - бүгінгі жас ұландар"

Бүгін "Сырдария университетінің "Заңтану және экономика" факультетінің "Құқық және экономика" кафедрасының оқытушысы ғ.м. Адамбекова М.Т. 1-курс студенттеірмен "7-мамыр - Отан қорғаушылар күні" мерекесіне орай "Ел - ертеңі - бүгінгі жас ұландар" тақырыбында тəрбие сағат өткізді!

Мақсаты - Жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рəміздерін қастерлеуге, туған еліне сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тəрбиелеу.

7-мамыр - Отан қорғаушылар күні

Бүгін Түркістан облысы Жетісай қаласы "Сырдария университетінің "Заңтану және экономика" факультетінің "Құқық және экономика" кафедрасының оқытушылары 1-курс студенттеірмен "7-мамыр - Отан қорғаушылар күні" мерекесіне орай жоғары дəрежеде іс-шара ұйымдастырды! Іс-шараға кафедра оқытушылары қатысты.

Іс-шара мақсаты - студенттерді Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дəріптеу. Отанын, елін қорғауға тəрбиелеу.

Қазақтың кестелеу өнері!

Кесте және көркемдеп тігу ою - өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Қазақтың ұлттық кестелеу өнері тарихының түп тамыры ғасырлар қойнауында жатыр. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық кесте өнеріміз күні бүгінге дейін өзінің құндылықтарын сақтап, қасиетін жоғалтпай жақсы сақталған. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер.

Сырдария университетінің мұражайы тарих сахнасында

Еліміздің еңселі оғландары ұлтымыздың қадір-қасиетін тіктеп, талай тар жол, тайғақ кешуден өтіп, алдыңғы аға буын өкілдерінің өсиет еткен аманатын орындап, бар болысты біріктіріп, елдігіміздің мызғымас айғағы көк байрағымызды көкке көтеріп, Қазақ елі қайта тіктелгені жайлы жаһанға жар салған уақыт. 

Білімнен - білікке

Syrdariya University «Дизайн және өнер» факультеті «Өнер» кафедрасының 5В010600 - «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 3 курс машықтанушы студенті Мамадияр Мұстафаәли 2021 жылдың 6 сәуірінде №1 Жетісай балалар өнер мектебінің 3 сыныбында Қайыпназар Әйтпеновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қайыпназар Әйтпенов – ақын-термеші» тақырыбында ашық сабақ өтті. Қайыпназар Әйтпенов Шымкент облысы, Шардара өңірінің тумасы. Ауыл мектебінен сауатын ашып, өлеңді жазып та, ауызша да айтып шығарған.

Сандық экожүйе. Оқытушылардың бейнедәрістер

Біздің оқытушылар үздік бейнедәрістер онлайн қол жетімді.
Қашықтан оқыту үшін қолданылатын танымал Moodle платформасы біздің университетте сәтті қолданылады.
Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі жұмыс істейді, оған университеттің жетекші оқытушыларының бейне дәрістері енгізілді.
Қашықтықтан оқыту факультетінің әр студенті үшін жүйенің өзінің жеке кабинеті болады. 
Барлығына Бейнедәрістер деп аталатын курстарға рұқсат беріледі.

Оқиға категориялары