САПАЛЫҚ КӨРСЕТКІШ САРАПШЫЛАР НАЗАРЫНДА
- 1 view
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің сарапшылық тобы (IQAA) оқу ордамызда 2 күн бойы бірқатар бағдарламалық аккредитациядан өткізу үшін сыртқы аудит жұмыстарын жүргізді. Бағдарламалық аккредиттеу 5 білім бағдарламасы аясында болды.
Олардың қатарында білім беруді бағалау, білім бағдарламасының біліктілік талаптарына сәйкестілігі, оқу-әдістемелік жұмыстың тиімділігі, музыкалық білім, тарих, тарих және география, сонымен бірге қаржылық аудит сынды маңызды параметрлер бойынша жұмыстар бағамдалды. Комиссия құрамы бекітілген стандарттарға сай кесте бойынша сырты бағалау жұмыстарын өте белсенді түрде жүргізді.
Халықаралық сарпашылық топтың қатарында еліміздегі белгілі оқу орындарымен бірге Ресейдің М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті мен Саратов мемлекеттік университетінің ғалымдары бар.
Топ өкілдері бағамдау жұмыстары барысында университет ректорымен, проректорлармен, білім беру бағдарламалары бойынша декандар және кафедра меңгерушілерімен, профессор-оқытушылар құрамымен, сонымен қатар білім алушылар және түлектермен жеке-жеке сұхбат құрды. Университет ректоры Қ. Байболов сарапшыларға оқу орнымыздың білім бағдарламасының ерекшеліктері, алдағы стратегиялық жоспары туралы айтып өтті. Сарапшылар оқу орнымыздағы оқу әдістемелік кабинетін, оқу құралдарын бағамдады. Жуырда ғана көшіп келген Қонаев көшесіндегі жаңа ғимарат пен Гагарин көшесінде орналасқан екінші корпустың материалдық-техникалық базасымен танысты. Студенттер жатақханасын көрді.
Сарапшылық топ екі күндік аккредиттеу жұмыстарынан соң университет басшылығына жылы лебізін білдірді. Олар тексеру нәтижесінде материалдық базаның жақсы екенін, жұмыс берушінің студенттер мен оқытушыларға жайлы орта қалыптастырып отырғанын, олардың білім алу деңгейінің жоғарылығын, заманауи цифрлық жүйенің жолға қойылғанын, ұжымдық рухтың жоғары екенін айтты.
Сонымен қатар, оқу базасын жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті артыру аясында бірқатар ұсыныстарын да жеткізді. Студенттерді ғылымға көбірек тартып, кәсіптік бағдар беру форматын өзгертіп, осыған күш салуды тапсырды.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет