"Сырдария" университеті халықаралық институционалдық және бағдарламалық аккредитациядан өтуде
- 1 view
Маусым айының 14-16 шы жұлдызы аралығы «Сырдария» университеті Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінен (IQAA) халықаралық институционалдық аккредитациядан өтуде.
Халықаралық сарапшылар - Ю.В. Дубский, А.С.Кадырова, Б.Т. Абдижаппарова, А.М. Бостанова, К.М.Джигитчеева., жұмыс берушінің өкілінен және студенттердің өкілінен құралған сараптау комиссиясы университеттің оқу ғимараттарын, материалдық-техникалық базасын көзбен шолып қарап шықты. Қазіргі таңда университеттің құжаттамаларымен танысуда. Президент пен Ректор және проректорлардан бастап студенттер мен жұмыс берушілерге дейінгі білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен сұхбат жүргізілуде.
Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінен (IQAA) бағдарламалық аккредитациядан 16-17 маусым аралығында төмендегі аталған 13 білім беру бағдарламасы өтілуде:
1. 6В01101 – «Педагогика және психология»
2. 6В01201 – «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы»
3. 6В01301 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
4. 6В01401 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
5. 6В01502 – Физика мұғалімдерін даярлау
6. 6В01509 – География-Тарих мұғалімдерін даярлау
7. 6В01601 – Тарих мұғалімдерін даярлау
8. 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
9. 6В03201 – «Кітапхана ісі»
10. 6В01507 – Химия-Биология мұғалімдерін даярлау
11. 6В01503 – Информатика мұғалімдерін даярлау
12. 6В01703 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
13. 7М01702 – Шет тілі: екі шет тілі педагогтарын даярлау
Бағдарламалық аккредитациялаудың шеңберінде университетке 11 сарапшы тобы арнайы сапармен келді. Сарапшылар - С.Қ. Абильдина, Ж.М. Есиркепов, М.Р. Копбаева, Б.Ш. Абдиманапов, Н.О. Мырзахметова, А.К. Мошкалов, Г.К. Карбозова, Э.У.Зулпхарова, Г.К. Абзулдинова, А. Ахметова, Ш. Садыкова.
Аталмыш агенттіктің бағдарламасына сәйкес сарапшылар тобы университеттің материалдық-техникалық қорымен, факультеттердегі құжаттармен, дәрістер мен сабақтардың барысымен танысты. Сонымен қатар, университеттің студенттері, түлектері, оқытушылары мен жұмыс берушілерімен сұхбаттасады.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет