Мерейтой аясында ашылған бактериологиялық зертхана

Мерейтой бағдарламасы аясында іске асқан іс-шаралардың бірі – бактериологиялық лабораторияның ашылуы.

Жоғарғы оқу орындары қауымдастығының Президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Алшанов Рахман Алшанұлына және "Сырдария" университетінің негізін қалаған ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Түркістан облысы мәслихатының депутаты Аяшев Оңалбай Аяшұлы салтанатты түрде ашып берген бактериологиялық зертханада заманауи білім берудегі инновацияның көрсеткіші.

Зертхананы ашудың мақсаты ауыз судың құрамындағы микробтар мен бактерияларды анықтаумен, ауыз су сапасын технологиялық қамтамасыз етумен байланысты.

Бактериологиялық зертхана бақыланатын көрсеткіштер және өлшеудің талаптарын регламенттейтін барлық нормативтік құжаттамамен қамтамасыз етілген, толық көлемде қажетті қазіргі заманғы сынау және өлшеуіш құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Су – тіршілік көзі. Ауыз судың сапасын қамтамасыз етуге ықпал ететін бұл нысан алдағы уақытта бірегей зерттеулердің негізіне айналатыны сөзсіз.

Теги:

Оқиға категориялары