«Сөйлесім әрекеті мен олардың түрлері» пратикалық сабақ
- 4 views
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының PhD ДОКТОРЫ, аға оқытушысы Г.А.. Айткулова «Тәлдәк қатынас негіздері» пәнінен «Сөйлесім әрекеті мен олардың түрлері» тақырыбында пратикалық сабақ ФК-22-1К1 тобымен ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, кафедра оқытушылары қатысты. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, интерактивті оқыту әдістері тиімді қолданылды. Атап айтқанда сабақ барысында сөйлесім әрекетінің теориялық негіздерін меңгерту; сөйлесім түрлерін нақты жағдаяттар арқылы саралап, тәжірибеде қолдануға үйрету, коммуникативтік дағдыларды дамыту және тілдік тұлғаның сөйлеу стратегияларын талдау сынды міндеттерге қол жеткізілді. Жалпы, ашық сабақ оқыту мақсатына толық жетіп, студенттердің тілдік дағдыларын дамытуға және коммуникативтік қабілеттерін арттыруға ықпал етті.