«Бәсекелестік пен көре алмаушылық» атты тренинг-жорық
- 62 views
Sirdariya University «Дизайн және өнер» факультетінің «Өнер» кафедрасы
2021 жылдың 23 сәуір күні «Бәсекелестік пен көре алмаушылық» атты университет басшыларына арналған тренинг-жорық өткізді.
Тренингтің мақсаты: қызметтес адамдар арасындағы бәсекелестік пен көре алмаушылықтың мәні мен айырмашылығын түсіндіру; қызмет барысындағы өзара түсініспеушілік пен араздықты болдырмаудың жолдарын қарастыру; жаңа қызметтес адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату мақсатында пікір алмасу.
Тренинг міндеттері:
- Қызметкерлер арасында жақсы қарым-қатынас орнату;
- Бәсекеге қабілетті болудың қағидаларымен таныстыру;
- Көре алмаушылықты туындататын жағдаяттардың алдын алу;
- Университет қызметкерлерінің өзара татулығын сақтау.
Тренинг шарты:
Тапсырма әр басшының жұмыс орнында орындалады.
Тренинг-жорықтың тапсырмалары әр басшының жеке кабинетінде өткізілді. Тренинг-жорық аяқталғаннан кейін университет психологтарының тапсырмаларды талдау нәтижесінде «Бәсекеге қабілетті басшы» марапатына «Отан және шетел тарихы» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Апашева Сабира Нұрбайқызы ие болды.
Апашева Сабира Нұрбайқызын «Бәсекеге қабілетті басшы» марапатымен құттықтай отырып, шығармашылық және іскерлік табыс тілейміз!