«Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» ашық практикалық сабақ
- 2 views
21.04.2025ж., сағат 10:30, 315 аудиториясында «Құқық және бизнес» кафедрасының магистр оқытушысы Улыкбеков Н.К. «ҚР Әкімшілік құқығы» пәнінен, «Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» тақырыбында ашық практикалық сабағын өтті. Практикалық ашық сабақ алдын-ала дайындалған мультимедиялық көрнекі құралдарды қолдану негізінде жүзеге асырылды. Практикалық ашық сабақтың әрбір сұрағын ашуда оқытушы көрнекілік принципін негізге алып, интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылығын арттыра білді. Ашық практикалық сабақты сергіті сәтімен бастап, білім алушы студенттердің қызығушылығын арттырды. Тақырыпты ашу барысында топ студенттерімен кері байланыс орнатылды, берілген сұрақтарға жауап берді; берілген ситуациялық тапсырмаларға жауап берді, тақырыпты оқытушы аша білді. Сондай-ақ оқытушы тақырыпты қорытындылау барысында тақырып бойынша құрастырылған тест тапсырмасы шешілді.