«Музыканы оқытудағы интернет-технологиялар» практикалық ашық сабақ
- 1 view
«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогика және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Байгунова Динара Мадиханқызының 21.04.2025 күні Гагарин көшесі-22 корпусы 212-ші аудиториясында ПиК-22-15к 3-курс студенттерімен «Музыканы оқытудың ақпараттық технологиялары мен техникалық құралдары» пәнінен «Музыканы оқытудағы интернет-технологиялар» тақырыбы бойынша практикалық ашық сабағы өткізілді.Ашық сабақ өте жоғары деңгейде,талапқа сай жүргізілді.Тақырыпты ашу барысында оқытушы студенттерге бүкіл компьютерлік технологияның қажеттілігі және әртүрлі болуы (үш жақтылық, анимация, дыбыс, видео, дәстүрлі өнер техникаларын имитациялау) музыка сабақтарында компьютерді оқушының және мұғалімнің шығармашылығын және өздігінен білім алудың ашық оқыту, дамытушылық орта ретінде қарастыруға мүмкіндік беретіндігін жан-жақты түсіндіре білді. Музыка сабақтарында мұғалімнің ақпараттық-компьютерлік технологияны қолдануының деңгейлерінің бірі локалдық тарапта жұмыс істеу іскерлігі – компьютерлік сыныпта кіріктірілген сабақтарды өткізу болып табылатындығын және музыкалық-компьютерлік технологиялар оқушыларды оқытудың, олардың интеллектуалдық және эмоционалды-тұлғалық дамуының жетекші құралдары болып табылатынын бірнеше мысалдар арқылы көрсете білді.. Студенттер үшін бұл тақырып өте қызықты әрі түсінікті болды.