ХVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы
- 19 views
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ БИІГІНДЕ: ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
2025 жылдың 24 сәуірінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 6В03201 – «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша өткен XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада Тәшенев университетінің «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің студенттері кезекті рет жоғары нәтижеге қол жеткізді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Сырайлова Ғализа жетекшілік еткен «Тәшенев ақпарат арулары» командасы олимпиадада ІІІ орынға ие болды. Білім алушыларымыз «Жаңа кітапхана – жаңа көзқарас» тақырыбындағы ғылыми жобаларын сәтті қорғап, заманауи кітапханалық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерімен танысып қайтты.
Команда мүшелері өз әсерлерімен бөлісе отырып:
«Бұл олимпиада бізге тек білімімізді сынауға емес, өз саламызға деген сүйіспеншілігімізді нығайтуға мүмкіндік берді. Жаңа идеялар мен тәжірибелер бізді болашақ кітапхана ісінің көшбасшысы болуға жігерлендірді», – деп өз қуаныштарын жеткізді.
Сырайлова Ғализа өз сөзінде:
«Біздің студенттеріміздің жетістігі – Тәшенев университетінің сапалы білім мен заманауи ғылымды ұштастыра алатынын айқын көрсетті. Әрбір жеңіс – ұжымдық еңбектің, табандылықтың нәтижесі», – деп атап өтті.
Команда құрамы:
• Хаппар Рабия
• Мұхтар Аружан
• Асилхан Ақерке
• Нұрмахан Зебо
• Байшувакова Луиза
Бұл жеңіс — кездейсоқтық емес, мақсатқа ұмтылған қажырлы еңбектің жемісі. Тәшенев университетінің білім алушылары ғылым мен білімнің шыңына ұмтылуда табандылықтың, жаңашылдықтың жарқын үлгісін көрсетуде.
Біз сенеміз: бүгінгі жеңістер – ертеңгі ұлы жетістіктердің бастауы!
Алға, Тәшенев жастары!