Әдістемелік семинар
- 7 views
14.04.2025ж. күні «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен «Отбасы және қазіргі заман: оқыту әдістемесі мен заманауи тәсілдер» тақырыбындағы әдістемелік семинар болып өтті.
Семинарда ғылым магистрі, аға оқытушы С.Ж.Дүйсенбек «Отбасы және қазіргі заман: оқыту әдістемесі мен заманауи тәсілдері», оқытушы Р.К.Дүйсенова «Табиғат кешендеріне әсер ететін антропогендік факторлар. Антропогендік ландшафттарды жақсарту жолдары», ғылым магистрі, аға оқытушы С.С. Таубаев «ХХІ ғасыр ұрпақтарына білім берудегі ерекшеліктер», Н.М.Момынқұл «Цифрлық педагог әдістемелік құралы» тақырыбында әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Әдістемелік семинар барысында оқытушыларға сабақ үдерісінде заманауи цифрлық құралдарды пайдалану жолдары мен олардың тиімділігі таныстырылды. Семинар аясында вертуалды музей, Padlet, Wordwall, Marq секілді платформалардың оқу үдерісіндегі маңыздылығы талқыланды. Бұл құралдар студенттердің белсенділігін арттырып, оқу материалын терең түсінуіне мүмкіндік береді.
Қолданылған платформалардың артықшылықтары:
1. Виртуалды музейлер: студенттерді нақты тарихи оқиғалармен, мәдени мұралармен таныстыру.
2. Padlet: топтық жұмыс пен идеялар алмасуды жеңілдету.
3. Marq платформасы арқылы электронды кітапқа, бейнеролик, әртүрлі платформалардан ссылкалар қойып викторина жасауға мүмкіндік береді.
Семинар соңында қатысушылар жаңа құралдарды тәжірибеде қолдану бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстар айтты. Әдістемелік семинардың бұл түрі оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытуда үлкен үлес қосты.
«Тарих және география» кафедрасы