Кәсіби бағдар – табысты болашақтың кепілі!
- 6 views
«Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультеті», «Мектепке дейінгі оқыту және психология кафедрасының» оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында 26.02.2025ж күні №29 А.Молдағұлова мектебінің бітіруші түлектеріне университет мамандықтарын түсіндіру бойынша жұмыстарын жүргізді.
Кәсіби бағдар беру – талапкерлерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесетін кешенді процесс. Оқушылар мен студенттерге әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат беріліп, олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес келетін бағыттарды анықтауға жәрдем көрсетілді. Сонымен қатар, білім беру саласындағы заманауи үрдістер, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар және университетте білім алу мүмкіндіктері туралы кеңестер берілді.
Жастар үшін бұл кездесу болашақ кәсіби жолын айқындауға және өз әлеуетін толық ашуға көмектесетін маңызды қадам болды. Университет өкілдері талапкерлерге мамандық таңдау барысында ескеретін негізгі факторларды түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.