Кәсіптік бағдар жұмысы
- 8 views
М.Әуезов атындағы ОҚУ мен Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде кәсіби бағдар беру жұмыстары өтті.
Болашақ мамандықты дұрыс таңдау – әрбір талапкер үшін маңызды қадам. Бұл шешім тек жеке тұлғаның дамуына ғана емес, елдің болашақ кадрлық әлеуетіне де әсер етеді. Осы мақсатта 2025 жылғы 14 қаңтар мен 10 ақпан аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Шымкент жоғары педагогикалық колледжінде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасы ұйымдастырды.
Егер сіз өзіңізге лайықты мамандық іздесеңіз, арманыңыздағы мансапқа алғашқы қадамыңызды жасағыңыз келсе, біздің университет сізге сапалы білім мен кәсіби өсуге барлық мүмкіндіктерді ұсынады!