«Музыка сабағын инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы жандандыру» ашық сабақ
- 93 views
11.11.2024 күні «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Спорт және өнер» факультеті «Саз және ән» кафедрасының ҚР мәдениет қайраткері, магистрант, аға оқытушы Қайнарбаева Айгүл Қалмаханқызы кезектен тыс Гагарин көшесі-22 корпусында ПиК-24-4к 1-курс студенттерімен бірге «Домбыра-І» пәні бойынша «Музыка сабағын инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы жандандыру» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Ашық сабақ өте қызықты ірі тартымды болды. Оқытушы сабақты бастамас бұрын топты үш топқа бөлді. Ұландар, Гәкку және Махамбет. Сабақ барысы 7-тренд бойынша жүргізілді.
1.Интербелсенді. (Топқа бөлу)
2. Тұжырымдама (С.Т.О).
3. Білім-тренд, тәрбие бренд. (жаңа сабақ).
4. Ойын-ойды өcipeді (Сергіту сәті).
5. Ән-көңілдің ажары.
6. Жүзден жүйрік: (дескриптордың бағалаудағы маңызы)
7. «Қоштасу» аялдамасы. (кері байланыс)
Студенттерге «Ақсақ құлан» күйінің аңыздық желісін қағаз түрінде таратып,ондағы күйдің аңызын дұрыс құрастыра білу, домбыра туралы өлең жолдарын толықтырып,жалғасын табу, қазақ ою-өрнектері арқылы ритмдік қимыл қозғалыстар жасау сияқты бірнеше тапсырмалар беріліп орындалды.Сабақ соңында өзін-өзі бағалау жүргізілді. Ұстаздар қауымы да сабақтың қызықты өтуіне атсалысып, берілген тапсырмаларды орындап отырды. Студенттер өздері құрастырған өлең жолдарына әуен табу сияқты қызықты әдістермен жұмыс жасады.Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.