Халықаралық стандарттарға сай сертификаты берілді

Университетімізге Халықаралық ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес тәуелсіз аудиторлық ұйымнан (IQNet Халықаралық сертификаттар жүйесінің партнері — Түрік Стандарттары институты ТСИ, Анкара) сыртқы аудитор өкілдері Расим Йылмаз аудит жүргізді. Шараға бас аудитор Хидает Шахин online қатысты.

Құттықтаймыз!

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педогогикалық университетінің 85 жылдық мерей тойы. 
85 жылдық тарихы бар Оңтүстіктегі ұстаздар ұстаханасы аталып кеткен осынау жоғары оқу орнының тарихында Tashenev University негізін қалаушы Оңалбай Аяшұлының есімі алтын әріппен жазылады. Аталған жоғарғы оқу орнын 10 жылға жуық басқарған көрнекті қоғам қайраткерінің ОҚМПУ-дің мемлекеттік мәртебесін қайтаруына, университет атағын алуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. 

Профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау

? 29.11.2022

Хабарландыру 29.11.2022

Жұмабек  Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті  профессор-оқытушылар құрамы және  ғылыми қызметкерлердің бос орындарына конкурс жариялайды.

Профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялау

? 06.08.2022

Хабарландыру 06.08.2022

Жұмабек  Тәшенов атындағы университеті  профессор-оқытушылар құрамы және  ғылыми қызметкерлердің бос орындарына конкурс жариялайды.

Әкімшілік-басқарушы қызметкерлердің бос орындарына орналасуға конкурс жариялау

?20.07.2022

Хабарландыру Шымкент қаласы 20.07.2022 ж.

«Ж.Тәшенов атындағы университеті» Әкімшілік-басқарушы қызметкерлердің бос орындарына орналасуға  конкурс жариялайды:
01. Бірінші проректор – оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор – 1 бірл.
02. Тәрбие жұмыс жөніндегі және ғылым проректор - 1 бірл.
03. Инновациялық қызмет жөніндегі проректор - 1 бірл.
04. Әкімшілік-шауашылық ісі жөніндегі департамент директоры – 1 бірл.

05. Әкімшілік департамент директоры – 1 бірл.

Ташенев университеті шетелдіктермен байланысты нығайтты

Университетімізде «Толеранттық педагогикалық құзіреттіліктің құрамдас бөлігі ретінде» тақырыбында ғылыми конференция өтті.
Конференцияға Анкара қаласындағы Гази университетінің проректоры, профессор, PhD докторы, Южель Гелишли, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Нұргүл Тоқсанбаева бастаған осынау оқу орнының бірқатар оқытушы-профессорлары және еліміздің өзге де жоғары оқу орындарының ғалымдары жиналды. 

«ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2022» байқаудың жеңімпазы

Жуырда «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен «ҚР ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2022» байқауы болып өтті. 
Аталған байқауда университетіміздің “Технология және дизайн” факультетіне қарасты “Химия және биология” кафедрасының 4 курс студенті Жанар Абдурасил бағын сынап, өз жұмыстарын ұсынып, 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жанардың осындай жетістікке жетіп, жүлделі оралуына жетекшісі Изет Жасұзақовтың да үлесі зор. 
Марапат иелерін құттықтаймыз!
 

Біздің электронды кітапхана үздіктердің қатарында

Tashenev University электронды кітапханасы Қазақстан жоғары оқу орындарының ішінде үштікке енген ең танымал кітапханалардың бірі болып тұр. Университеттің барлық 9500 электронды ресурстары еліміздегі ЖОО-ы қауымдастығының қорына енгізілген. Өткен жылдың қорытындысымен біздің университет электронды кітаптарды жүктеп алу саны бойынша үшінші, ал ресурстардың жалпы саны бойынша төртінші орында тұр. 

Оқиға категориялары