Біздің электронды кітапхана үздіктердің қатарында

Tashenev University электронды кітапханасы Қазақстан жоғары оқу орындарының ішінде үштікке енген ең танымал кітапханалардың бірі болып тұр. Университеттің барлық 9500 электронды ресурстары еліміздегі ЖОО-ы қауымдастығының қорына енгізілген. Өткен жылдың қорытындысымен біздің университет электронды кітаптарды жүктеп алу саны бойынша үшінші, ал ресурстардың жалпы саны бойынша төртінші орында тұр. 
Өткен бір жылдың өзінде біздің электронды дүниелерімізді 15 мыңнан аса адам жүктеген. Бұл дегеніміз біздің электронды ресурсымыз басқа да университеттердің студенттері үшін сұранысқа ие екенін білдіреді. Бұл тұрғыдан әзірге алдымызда «Тұран» университеті мен Алматы технологиялық университеті ғана тұр. Бұған РМЭБ статистикасы дәлел. РМЭБ веб-сайтында (http://rmebrk.kz/statistics) университеттердің барлық электрондық ресурстарын пайдалану туралы толығырақ статистика көрсетіледі. 
Барлық ресурстардың 52% қазақ тілінде, 41% орыс тілінде, 7% ағылшын тілінде. Олардың 57 пайызы цифрландырылған кітап басылымдары болса, 22 пайызы оқу-әдістемелік және оқытушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстары 20 пайызды құрайды.
Бүгінде университеттің электронды кітапханасының қоры ай сайын оқу үдерісінде сұранысқа ие жаңа электронды басылымдармен толықтырылып отырады. Кітаптарды сканерлеу арқылы қор қалыптасады. Қазіргі таңда оқытушылармен бірлесіп жаңа мультимедиялық электронды оқулықтар әзірленуде. 2005 жылдан бері университет ұжымы авторлық куәліктері бар 350 электронды оқулық әзірледі. Өңдеу кезінде профессор-оқытушылар қажетті оқу материалдарын (оқу-әдістемелік материалдар, силлабустар, жұмыс бағдарламалар, ОБСӨЖ мәтіндер, тапсырмалар және т.б.) кезінде пайдалануға берді. Электрондық оқулықтарға қосымшалар енгізуге оқытушылар да қатысып, олар осынау оқулықтар арқылы ашық сабақтар өткізді. Оқулықтар университеттің электрондық қорларының каталогіне қосылған және оларды студенттер мен оқытушылар белсене қолданады. Барлық ресурстар білім беру бағдарламаларына сәйкес жіктеледі, олар университеттің веб-серверінде сақталады және желіде қол жетімді. Электронды оқулықтардың сілтемелері Ассоциация ЖОО-дың (РМЭБ) қауымдастығына берілген.
Бүгінде электрондық кітапхана қорының даму динамикасы дайындалды, кестелер жаңартылып, диаграммалар құрылған(https://lib.tashenov.edu.kz).