Белсенділіктері үшін марапатталды
Шымкент қаласы Абай атындағы қалалық әмбебап кітапханасында “Дін-ғылымның негізі, қоғамның тірегі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шараға қонақтармен қатар университетіміздің аға оқытушысы Шолпан Серикбаева мен "Филология” кафедрасының білім алушылары да қатысып қайтты.
Онда «Бибі Сара ана» мешітінің бас имамы Самат Анарбаев Шымкент қаласы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары тәрбиелік мәні бар тақырыптарда сөз қозғады.
Кәсіби бағдар берілуде
Tashenev University оқытушылары Түркістан облысына қарасты аудандарда болып, бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
«Технология және Дизайн» факультетінің деканы Д. Артықпаев бастаған оқытушылар И.Жасұзақов пен Ф Убаев Кентау қаласының бірқатар мектептері мен колледждеріндегі оқушыларға Жаңа Қазақстанның жаңа бағыттағы, заман талабына сай, келешегі кемел оқу ордамыз жайлы кәсіби бағдар беріп жатыр.
Профессор ғылыми атағына С.Н.Апашеваны ұсыну туралы
Проректор ұсынысы назарға алынды
Елордада ЖОО проректорларының қатысуымен «Жастарды әлеуметтендіру мәселесі» тақырыбында өткен форумға қатысып қайтқан университетіміздің Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын оқытушы-профессорлар құрамын онда қаралған мәселелермен, ұсыныстармен және форум қорытындысымен таныстырды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен жиында проректор Ғ. Битұрсын сөз алып, бірқатар ұсыныстар жолдады. Олардың қатарында:
Ашық сабақ өткізді
Бүгінде университетіміздің мыңға жуық студенті өңіріміздің бірнеше аймағында іс-тәжірибе жұмыстарынан өтіп жүр.
Tashenev University Педогогика Психология кафедрасының Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі БББ-ң 3 курс студенті Алтынай Айбекова Шымкент қаласындағы З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп лицейі 4АҚ сыныбында ашық сабақ өткізді. Жаратылыстану пәні бойынша «Пайдалы қазбалар» атты ашық сабаққа кафедра меңгерушісі Мадина Байбекова мен магистр, оқытушы А. Тамабай қатысып қайтты.
“ЖАСТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІ” Форумы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 9-10 ақпанда Қазақстандағы ЖОО проректорларының қатысуымен “ЖАСТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІ” бойынша Форум өтуде. Форумға Tashenev University Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын да қатысуда.
Форумда алғашқы сөзді алған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыратын жастарды әлеуметтік тұрғыда қолдаудың 2023-2030 жылдарға арналған жеті жылдық жоспарын таныстырды.
Эмпатия – эмпатияны сезіну қабілеті
7 ақпанда Ж.А.Ташенов атындағы университетте «Педагогика және психология» кафедрасының базасында «Эмпатия» консультациялық-ресурстық қолдау орталығының ашылуы өтті.
Студенттер IT Hub мамандарынан дәріс алды
Tashenev University жанындағы IT Hub мамандары «IT менеджмент» мамандығы бойынша білім алып жүрген 1-курс студенттерімен біліктілікті арттыру дәрісін өткізді.
"IT мамандықтарына бірінші қадам" деп аталатын біліктілікті арттыру дәрісі аясында қазіргі таңда жаңадан пайда болып жатқан заманауи IT мамандықтар төңірегінде тереңірек түсіндірілді. Мамандар бүгінгі таңда маңызды, керекті саналатын мамандықтарға шолу жасап, осы салада оқып жүрген жастарға оны қалай үйрену керектігін тәжірибе жүзінде көрсетті.
Проректорлар студенттермен кездесті
Университеттің оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректоры П. Байнеева білім алушыларға оқу процесін және ондағы кредиттік технология бойынша ұйымдастыру қағидаларын түсіндіріп өтті. Ал, ғылым және зерттеу жұмыстары жөніндегі проректор Ш. Арзымбетова ғылыми жұмыстар төңірегінде бүгінгі жаңалықтармен бөлісті. Сонымен бірге, университет есімін еншілеген тау тұлғалы Ж. Тәшеневты мақтан тұту керектігін, оны тереңірек тану қажеттігін тапсырды.
Эмпатия орталығы ашылды
Университетте «Педогогика және филология» факультеті «Педогогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Эмпатия» кеңес беруші-ресурстық қолдау орталығы ашылды. Шараға ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығынан, Шымкент қаласындағы бірқатар оқу орындарының оқытушылары, студенттері мен оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.