Проректор ұсынысы назарға алынды
- 1 view
Елордада ЖОО проректорларының қатысуымен «Жастарды әлеуметтендіру мәселесі» тақырыбында өткен форумға қатысып қайтқан университетіміздің Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын оқытушы-профессорлар құрамын онда қаралған мәселелермен, ұсыныстармен және форум қорытындысымен таныстырды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен жиында проректор Ғ. Битұрсын сөз алып, бірқатар ұсыныстар жолдады. Олардың қатарында:
- Тәлімгерлердің статусын көтеру мақсатында «Үздік тәлімгер» конкурсын республикалық ведомстволық марапаттар тізіміне енгізу туралы
- ЖОО-дағы жастарға Каспий банк тарапынан несие берілгенде несие алушының төлем қабілетін тексеру туралы мәселелер бар
Аталған ұсыныстар министрліктің қолдауына ие болып, назарға алынды. Сонымен қатар, форум қорытындысымен Университет жанынан шетелдік ЖОО-ның филиалын ашу, министрлік жанынан республикалық студенттік кеңестің ашылуы, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, оларға психикалық көмек беру, студенттердің қаржылық және ақпараттық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік (ғылыми) JPA балл жүйесін оқу-тәрбие үдерісіне енгізу және басқа да мәселелер қаралды.
Университетімізде аталған жәйттер төңірегінде жұмыс жүргізу шаралары басталып кетті.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет