Проректорлар студенттермен кездесті
- 1 view
Университеттің оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректоры П. Байнеева білім алушыларға оқу процесін және ондағы кредиттік технология бойынша ұйымдастыру қағидаларын түсіндіріп өтті. Ал, ғылым және зерттеу жұмыстары жөніндегі проректор Ш. Арзымбетова ғылыми жұмыстар төңірегінде бүгінгі жаңалықтармен бөлісті. Сонымен бірге, университет есімін еншілеген тау тұлғалы Ж. Тәшеневты мақтан тұту керектігін, оны тереңірек тану қажеттігін тапсырды.
Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректор Ғ. Битұрсын университеттің ішкі тәртібіне, этикалық жүріс-тұрыс қағидаларына бағыну аясында сөз қозғады. Сондай-ақ, студенттердің қоғамдық шараларға белсенділік танытуын, оқу, ғылым, спорт саласындағы конкурстарға, әртүрлі жарыстарға қатысу керектігін айтты. Проректорлар студенттердің жан-жақты дамуы үшін университет қабырғасында барлық жағдайдың жасалғанын айта келіп, жеңістер мен жетістіктерді бірге еңсереміз, деп жастарға шабыт берді.
Кездесу барысында білім алушылар университеттің басшылық құрамына өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, сұрақтарына толық жауап алды.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет