Құттықтаймыз!

Құрметті достар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз – бұл көктемнің келуі ғана емес, халқымыздың ежелден бері ұстанған құндылықтарының жаңғыруы, болашаққа деген сенімнің нығаюы. Бұл мереке – бірлік пен татулықтың, мейірім мен жасампаздықтың символы. Ежелден дана халқымыз бұл күнді ынтымақ пен жаңарудың бастауы деп біліп, жаңа жоспарлар мен игі бастамаларға қадам басатын сәт ретінде қабылдаған.

Бүгінде Қазақстан жаңа белестерді бағындырып, ғылым мен білімді дамытуды, инновация мен технологияны жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Ұлттың болашағы – терең білім мен заманауи ғылымның қолдауы мен дамуына тікелей байланысты. Бәсекеге қабілетті, зияткер ұрпақ тәрбиелеу, жас ғалымдарды қолдау және ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу – еліміздің тұрақты дамуының негізі.

Наурыз мейрамы елімізге тың серпін, жаңа жетістіктер мен үлкен табыстар әкелсін! Қазақстанымыз өсіп-өркендеп, ғылым мен білімнің, технология мен инновацияның орталығына айнала берсін!

Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, еңбегіңізге табыс, ал халқымызға баянды бақыт, құт-береке тілейміз! Ұлыстың Ұлы күні баршамызға жақсылық әкелсін!

Құрметпен, Жұмабек Тәшенев университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор ҚАНАТ БАЙБОЛОВ
 

Оқиға категориялары