«WINDOWS жүйесінде жұмыс істеу негіздері» ашық сабақ

«Математика және информатика» кафедрасының аға оқытушысы А.С. Арысбаеваның 6В01503- «Информатика мұғалімдерін даярлау» БББ бойынша ЕП-23-13к1,2 топ студенттеріне 14.03.2025ж. күні «Операциялық жүйелер» пәнінен «WINDOWS жүйесінде жұмыс істеу негіздері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз уақытында басталып,бірнеше көрнекіліктермен жаңа әдістерді қолдану арқылы видео слайдтар қолдану барысында жүргізілді. Студенттер толығымен тапсырамалармен  қамтылып, сабақтың қызықты өтуіне ат салысты. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.

Пікірсайыс турнирі

Жұмабек Тәшенев университетінде ағылшын тіліндегі пікірсайыс турнирі өтуде!
Бүгін университет қабырғасында студенттердің білімін, шешендік өнерін және логикалық ойлау қабілетін сынайтын ерекше оқиға – ағылшын тіліндегі пікірсайыс турнирі өтуде. Бұл турнир болашақ көшбасшыларды дайындауға, олардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдауға және халықаралық деңгейдегі пікірталастарға дайындауға бағытталған.

«Have a nice day! Grammar» ашық сабақ

2025 жылдың 14 наурызында сағат 12:30-да ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі, PhD Артыкбаева Ф.И. «Have a nice day! Grammar: Reported Speech. Vocabulary: Shopping» тақырыбында 3-курс студенттеріне ашық сабақ өткізді. Сабақ «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша өтті. Сабақ лингафон кабинетінде өткізілді, онда тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған тыңдау материалдары қолданылды.

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ АМАЛ МЕРЕКЕСІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

Көрісу күні – Амал мерекесінде Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің жастары қаладағы өзге жоғары оқу орындарына арнайы құттықтап барып, шеру ұйымдастырды. Белсенді студенттеріміз қалалық «Жастар ресурстық орталығы», М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Орталық Азия инновациялық университетіне барып, ұжымын және студенттерді көктемнің жарқын мерекесі – Амал күнімен құттықтады.

Құттықтаймыз !

Құрметті оқытушылар, студенттер және қызметкерлер!

Сіздерді шын жүректен халқымыздың бірлігін нығайтып, ізгілік пен құрметті дәріптейтін – Көрісу күнімен құттықтаймыз!

Бұл күн – тек амандық сұрасу ғана емес, аға буынға ізет көрсетіп, бауырмалдық пен сыйластықты арттыратын ерекше мереке. Бір-бірімізге құрмет көрсетіп, жақсы тілектер арнап, жақындарымыздың жағдайын сұраудың мәні зор.
Ұлыстың ұйытқысы болған бұл мереке баршаңызға молшылық, береке және құт-береке әкелсін. Ынтымағымыз нығайып, татулығымыз арта берсін!
 

«Жазбаша іскерлік коммуникация» ашық сабақ

«Орыс тілі» пәні аясында оқытушы З.О. Азбергенованың «Жазбаша іскерлік коммуникация» тақырыбында ашық сабағы өтті.
Сабақта не үйрендіңіз?
Іскерлік коммуникацияның негізгі нысандары
Іскерлік хат алмасудың тұрмыстық хат алмасудан айырмашылығы
Тиімді қарым-қатынас жасаудың негізгі ережелері
Студенттер талқылауға белсене қатысып, тапсырмаларды орындап, болашақ кәсіби қызметі үшін пайдалы дағдыларға ие болды!

Ашық есік күні

Ұйымдастырушы: «Экономика және құқық» факультеті
Күні: 13.03.2025 
Сағат 12:00 де
Тікелей эфир ZOOM платформасында
Идентификатор: 826 894 1883
Код доступа: wM4sPs
 

"AI and Jobs in the 21st Century" атты заманауи дебат

«IT және шетел тілдері» факультеті, «Ағылшын тілі» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс Шетел тілі (ІР), Іскерлік әкімшілік, Ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған "AI and Jobs in the 21st Century" атты заманауи дебат 2025 жылдың 14 наурызында сағат 13:30-15:30 аралығында «Ақ үй» ғимаратында өтті.

«Отбасының тәрбиелік әлеуеті» ашық практикалық сабақ

13.03.2025ж. күні  «Педагогика және өнер» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының магистр, оқытушысы  Кәрібай Күлайхан Жанболатқызы «Отбасы психологиясы» пәнінен ПиК 23-7к1 оқу тобы студенттерімен «Отбасының тәрбиелік әлеуеті» атты тақырыбында ашық практикалық сабағын өткізді. Сабаққа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты. 

Оқиға категориялары