«Бүйрекүсті бездері» ашық сабақ

Сабақтың мақсаты:  Құрылысы. Милы қабатының гормондары. Қыртысты қабатының гормондары. 

Сабақтың міндеттері:   
1.    Милы қабатының гормондары, оның құрылысы мен қызметі, гигеналық талаптары туралы ақпараттарды қалыптастыру.
2.    Қыртысты қабатының гормондары, оның құрылысы мен қызметі, гигеналық талаптары туралы ақпараттарды қалыптастыру.
3.    Бүйрекүсті бездері бойынша алған білімдерін, сабақта қолдана отырып, әр бездердің құрылысы мен қызметін меңгеруге дағдыларын дамыту.
4.    Білемін / білдім  / білгім келеді "әдісі, сұрақ-жауап бойынша талдау жасауға,
ізденушілікке, дүниетанымдылыққа, өз білімін көрсете білуге тәрбиелеу.
 Сабақтың барысы: 
1.    Уйымдастыру бөлімі, студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.
2.    Өткен сабақтармен байланыстыру, сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа шоғырландыру мақсатында сұрақ-жауап өткізу.

Сұрақ-жауап өткізу: Студенттерге сұрақ арқылы білімдерін анықтау.

3.    Ақпараттық бөлім: жалпы өтілетін дәріс бойынша ақпарат жасалады (оқытушының жаңа дәріс бойынша мәліметті меңгерту)
        STEM технологиясы  нақты ғылымдардың негізгі принциптерін бір уақытта зерттеуді қамтитын жан-жақты оқыту. Студенттер өмірдің технологиялық инновацияларына, соның ішінде техникалық  шығармашылыққа деген ынтаны дамыту және пәндер арасында байланыс орнату. Эндокринология және иммунология  пәнінен STEM технологиясын пайдалану.
        STEM арқылы студенттер негізгі дағдыларды дамытады, оның ішінде:
1.    шығармашылық
2.    сыни талдау
3.    тәуелсіз ойлау
4.    байланыс
           "Білемін / білгім келеді / білдім" әдісі тақырыптың мазмұнына кешенді талдау жасау кезінде тиімді әдіс болып табылады.
          Бұл әдіс арқылы тақырып бойынша бұрын алған білімін толықтыруға және оқыған мәтінімен өзінің күткен нәтижесін салыстыруға болады. Осылайша жұмыс істеу студенттің мәтін туралы бұрыннан білетін немесе мәтіннің әлі де белгісіз мазмұнын саралап жіктеуіне мүмкіндік береді.

 Әдісті үш қадамға бөлуге болады:
1.    Студенттер мәтінмен танысқанға дейін өз беттерінше немесе топта "Білемін", "Білгім келеді" деген бірінші, екінші бағандарды толтырады.
3.    Мәтінмен танысу кезінде немесе оқылған мәтінді талқылау барысында студенттер "Білдім" бағанын толтырады.
4.    Қорытынды жасап, бағандар мазмұнын салыстырады.

    Қосымша ретінде "ақпараттар дереккөзі", "не ашылмай қалды?" деген тағы да 2 бағанды ұсынуға болады. Әр студент мәтінмен танысып, кестені толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде оқытушы ой қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады.
Дәрісті талдау, қорытындылау.
 
        ЕП-22-9к топта өткізілген ашық дәріс  сабағы боынша студенттердің түсінбеген сұрақтарына талдау жасау, жаңа тақырыпты өтілген алдыңғы сабақтармен ұштастыру мақсатында сұрақтарға жалпылама тақырыпты қортындылау. Бағалау.
     Студенттердің жауаптары 10-балмен бағаланды, олардың белсенділігі мен білімдері бағаланды.

   Шешім: Кафедра аға оқытушысы А.Ы.Мамытованың «Эндокринология және иммунология» пәні бойынша 3-курс студенттеріне өткізілген ашық сабағы ЖОО талаптарына сай өткізілді деп есепке алынсын.
 

Оқиға категориялары