"Парасат майданының мұзбалағы" атты кеші

Ж.А.Ташенев атындағы университеттің білім алушылары қалалық Балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Тәкен Әбдік шығармашылығына арналған "Парасат майданының мұзбалағы" атты кешке қатысты. Кешке Жазушылар Одағының төрағасы Дәркен Танабаев, Ж.А.Ташенев университетінің аға оқытушысы Рана Арынбаева т.б. қатысып, білім алушылардың автор шығармаларын талдауына баға беріп, сәттілік тіледі. Аталған университеттің 1курс студенті Аман Рахат домбырамен әуендетіп, ән салып, тыңдармандарды бір серпілтіп тастады. Іс-шара нәтижесінде оқырмандардың әсер алғандығы байқалды.